ГЕЛМАДОЛ 200 мг №2 табл

2800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Албендазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 200 мг микрондалған албендазол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, полипласдон XL, жүгері крахмалы, тазартылған тальк, поливинилпирролидон К25, натрий крахмал гликоляты (А типі), магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, үлбірлі қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза 2910, полиэтиленгликоль 20000, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
Гельмадол препараты келесі гельминтоздарды емдеу үшін жарамды: Кисталық эхинококкоз (Echinococcus granulosus туындатқан инфекция, эхинококк жұқтыру) - ауру ағымының операция жасалмайтын түрі - ауру ағымының операция жасалатын түрі - хирургиялық емдеудің операция алды сүйемелдеуі Альвеолярлы эхинококкоз (Echinococcus multilocularis туындатқан инфекция, альвеококк жұқтыру) - ауру ағымының операция жасалмайтын түрі - ауру ағымының операция жасалатын түрі - хирургиялық емдеудің операция алды сүйемелдеуі Трихинелла жұқтыру (Trichinella spiralis туындатқан инфекция, трихиноз) Ішек құртын (Strongyloidiasis, Strongyloides stercoralis) жұқтырған кезде сынақ емі ұсынылған.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Кисталық немесе альвеолярлы эхинококкоз Емдеу циклі кейінгі 14 күндік үзіліспен 28 күн ішінде күніне екі рет 400 мг (2 таблетка) албендазолды қамтиды. Емдеу циклы кемінде екеу болуы қажет, бірақ үштен аспауы тиіс. - операцияға дейін: Егер хирургиялық емдеу жоспарланса, жоғарыда ұсынылғандай, 2 цикл ішінде Гелмадол препаратымен емдеу алдында болуы тиіс. Егер екі толық цикл аяқталғанға дейін операция қажет болса, Гелмадол препаратын мүмкіндігінше ұзақ уақытқа тағайындау керек, бірақ бір цикл үшін 28 күннен аспауы керек. - операциядан кейін: Егер операция 14 күннен кем емделуден кейін қажет болса, Гелмадол препаратын операциядан кейін әрқайсысы 28 күннен кем емес 2 цикл бойы, олардың арасында 14 күндік үзіліспен қабылдау керек. Сондай-ақ, операциядан кейінгі емдеуден кейін немесе кистаның жарылуынан кейін кисталар әлі де болса, емдеудің 2 толық циклын жүргізу керек. Дене салмағы 60 кг-нан аз пациенттер 2 қабылдауға бөлінген, 1 кг дене салмағына шаққанда 15 мг белсенді заттың тәуліктік дозасымен емдеу керек. Ең жоғары доза күніне 800 мг құрайды. Трихиноз 6 күн бойы күніне 2 рет 400 мг (2 таблетка) албендазолдан тағайындайды. Әдетте тек бір емдеу курсы қажет. Расталған диагноз кезінде немесе ішек құртын (кохинхин диареясы) жұқтыруға күдік Қатарынан 3 күн бойы күніне бір рет 400 мг албендазолдан (2 таблетка). Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Есептердің деректеріне сәйкес дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Албендазол мен оның бастапқы метаболиті албендазол сульфоксидінің бүйрекпен шығарылуы елеусіз болғандықтан, мұндай пациенттерде осы қосылыстардың клиренсінің өзгеру ықтималдығы төмен болып табылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді, алайда мұндай пациенттерге мұқият бақылау жүргізу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты тағайындағанда сақ болу керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. Гелмадол препаратын таңертең және кешке тамақтану кезінде, шайнап немесе тұтастай шамалы мөлшерде су іше отырып қабылдау керек. Емдеу кезінде белсенді заттардың сіңуін жақсарту үшін май мөлшері жоғары тағамдарды тұтыну ұсынылады. Тағам мүмкіндігінше қатты болуы керек және бір тамақ ішуге май мөлшері 40 г-нан астам болуы керек. Кейбір пациенттер, әсіресе кішкентай балаларда таблеткаларды толығымен жұтуда қиындықтар туындауы мүмкін, сондықтан оларға аз мөлшерде су ішіп, таблеткаларды шайнауға кеңес беру керек. Немесе таблеткаларды ұсақтауға болады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы және қайталанатын курсты жүргізу аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты болады және емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.