+96 бонус

ГЕЛИСАЛ 100 мл сироп Экстракт плюща

1930 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Плюща листьев экстракт
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында: белсенді зат - кәдімгі айұрық жапырақтарының құрғақ экстрактісі (Hederae helicis folii extractum siccum, DER 4-8:1) – 27,78 мг. Экстрагент этанол 30% м/м. қосымша заттар: пропиленгликоль, калий сорбаты, сұйық кристаллданбайтын сорбитол (E420), лимон қышқылы моногидраты, ксантан шайыры, анис хош иістендіргіші, макрогол глицерилгидроксистеараты, тазартылған су.
Қолданылуы
- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары қабыну ауруларының кешенді емінде қақырық түсіретін дәрі ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- айұрық жапырақтары экстрактісіне, Аралия тұқымдастарының өсімдіктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - тыныс алу жолдары тарапынан симптомдардың күшею қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға - жүктілік және бала емізу кезеңі - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы
Дозасы
Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, шәрбат мынадай схема бойынша қабылданады: Дозалары 12 жастан асқан жасөспірімдер, ересектер мен егде адамдар: тәулігіне 2-3 рет 5 мл (толық шприц) шәрбаттан (бұл айұрық жапырақтары құрғақ экстрактісінің 55,56-83,34 мг тәуліктік дозасына сәйкес келеді). 6-11 жастағы балалар: тәулігіне 3 рет 2,5 мл (½ шприц) шәрбаттан (бұл айұрық жапырақтары құрғақ экстрактісінің 41,67 мг тәуліктік дозасына сәйкес келеді). 2-5 жастағы балалар: тәулігіне 3 рет 1,6 мл (⅓ шприц) шәрбаттан (бұл айұрық жапырақтары құрғақ экстрактісінің 26,67 мг тәуліктік дозасына сәйкес келеді). 2 жасқа дейінгі балалар 2 жастан кіші балаларды емдеу үшін қолдануға болмайды. Ұсынылатын дозадан асырмау керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке, тамақтан кейін. Ересектерге және ересек жастағы балаларға сұйылтылмаған күйінде, кіші жастағы балаларға судың немесе шырынның аздаған мөлшерімен сұйылтады. Құтының қақпағын бұрап ашыңыз (төмен қарай басып жаншу керек, сағат тіліне қарсы бұрау керек). Дозатор құтының мойнындағы саңылауға басылуы тиіс. Дозаторды толтыру үшін құтыны басын төмен қаратып төңкеру, содан кейін дозатордың поршенін абайлап төмен қарай жылжытып, препараттың қажетті мөлшерін шприцке тартып алу қажет. Құтыны бастапқы қалпына аударып, оны ақырын бұрай отырып, одан дозаторды алу керек. Дозатордың соңғы бөлігін баланың ауыз қуысына орналастырып, содан соң поршеньге баяу баса отырып, дозатор ішіндегісін енгізу керек. Қолданғаннан кейін құтыдағы қақпақты қатты бұраңыз; дозаторды жуыңыз және құрғатыңыз. Емдеу ұзақтығы Емнің ұзақтығы 7 күн. Ауру симптомдары басылғаннан кейін емді 2-3 күн бойы жалғастыру ұсынылады. Егер ем кезінде симптомдар күшейсе немесе 7 күн ішінде басылмаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.