ГЕДЕЛИКС Сироп от кашля 100 мл

2765 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Плюща листьев экстракт
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Krewel Meuselbach GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат – кәдімгі шырмауық жапырақтары қою экстрактісі (2.2-2.9:1), қосымша заттар: макрогол глицерилгидроксистеараты, жұлдызды анис жемістері майы, гиэтеллоза, 70% сұйық сорбитол (кристалданбайтын), пропиленгликоль, глицерол, тазартылған су
Қолданылуы
- тыныс алу жолдарының жедел қабыну ауруларын кешенді емдеуде - бронхтың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, Аралия тұқымдас өсімдіктеріне немесе осы дәрілік заттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - аргининсукцинатсинтетаза ферментінің жетіспеушілігі (мочевина циклі алмасуының бұзылуы)
Дозасы
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: Күніне үш рет 5 мл шәрбат (күніне 120 мг кәдімгі шырмауық жапырақтары қою экстрактісіне баламалы) 4-10 жас аралығындағы балалар: Күніне төрт рет 2,5 мл шәрбат (күніне 80 мг кәдімгі шырмауық жапырақтары қою экстрактісіне баламалы) 1-4 жастағы балалар: Күніне үш рет 2,5 мл шәрбат (күніне 60 мг кәдімгі шырмауық жапырақтары қою экстрактісіне баламалы) 0-ден 1 жасқа дейінгі сәбилер: Күніне бір рет 2,5 мл шәрбат (күніне 20 мг кәдімгі шырмауық жапырақтары қою экстрактісіне баламалы) Деректердің жеткіліксіз болуына байланысты бүйрек немесе бауыр дисфункциясы бар пациенттерге осы препаратты арнайы мөлшерлеу арқылы беру ұсынымдары қолжетімсіз. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау. Шәрбатты сұйылтпаған күйде кейіннен сұйықтықты (ауыз суын) жеткілікті мөлшерде ішу арқылы қабылдау керек. Дәл мөлшерлеу үшін дәрілік препаратқа мөлшерлегіш құрылғы қоса беріледі. Өлшеуіш қасықтың көмегімен мөлшерлеу бойынша ұсынымдар Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: 5 мл шәрбаттан күніне үш рет 1 өлшеуіш қасық 4-10 жас аралығындағы балалар: 2,5 мл шәрбаттан күніне төрт рет ½ өлшеуіш қасық 1-4 жастағы балалар: 2,5 мл шәрбаттан күніне үш рет ½ өлшеуіш қасық 0-ден 1 жасқа дейінгі сәбилер: 2,5 мл шәрбаттан күніне бір рет ½ өлшеуіш қасық Емдеу ұзақтығы Егер дәрілік препаратты қолдану кезінде симптомдар бір аптадан артық аса уақытқа сақталатын болса, дәрігермен кеңесу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.