+515 бонус

ГАЛЬВУСМЕТ 50 мг/1000 мг №60 таб

10300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин и вилдаглиптин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Новартис Фарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар - вилдаглиптин 50 мг, метформин гидрохлориді 850 мг немесе 1000 мг, қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, қабық: гипромеллоза (Е464), титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 4000, тальк, темірдің сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
Гальвусмет® дәрілік препараты 2 типті қант диабеті бар ересек пациенттерде гликемияны бақылауды жақсарту үшін диетотерапия мен дене жаттығуларына қосымша ретінде қолдануға арналған: - метформин гидрохлоридімен монотерапия тиімділігі жеткіліксіз пациенттерде; - вилдаглиптин мен метформин гидрохлоридінің жекелеген таблеткалар түріндегі біріктірілімін қабылдайтын пациенттерде; - гликемияны бақылау тиімділігі жеткіліксіз болған кезде инсулинді қоса алғанда, басқа гипогликемиялық дәрілермен біріктірілімде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел метаболизмдік ацидоздың кез келген типі (лактоацидозды, диабеттік кетоацидозды қоса алғанда) - диабеттік прекома - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ <30 мл/мин) - дегидратация, ауыр инфекция, шок, йодталған контрастылы заттарды вена ішіне енгізу сияқты бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар жедел жағдайлар, - тіндердің гипоксиясын туындатуы мүмкін жедел немесе созылмалы аурулар, мысалы: жүрек немесе тыныс алу жеткіліксіздігі, жақында болған миокард инфарктісі, шок - бауыр жеткіліксіздігі - жедел алкогольдік улану, алкоголизм - бала емізу кезеңі
Дозасы
Бүйрек функциясы қалыпты ересек пациенттер (ШСЖ≥90 мл/мин) Препаратты 2 типті қант диабетінде антигипергликемиялық дәрі ретінде пайдаланған кезде оның дозасы пациенттің қазіргі емдеу сызбасына сүйене отырып және препараттың тиімділігі мен жағымдылығын ескере отырып жеке таңдалады. Гальвусмет® препаратын тағайындаған кезде вилдаглиптиннің ең жоғары тәуліктік дозасын (100 мг) асырмау керек. Гальвусмет® препаратын тағайындау күніне екі рет 50 мг/850 мг немесе 50 мг/1000 мг дозадан басталуы мүмкін, бір таблетка таңертең, ал келесі таблетка кешке қабылданады. - Метформинмен монотерапия кезінде жағдайы тиісті түрде бақыланбаған пациенттер үшін Гальвусмет® препаратының бастапқы дозасы күніне екі рет 50 мг вилдаглиптинді (жалпы тәуліктік дозасы 100 мг) және пациент бұрын қабылдаған метформин дозасын қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. - Жекелеген препараттар түрінде вилдаглиптинмен және метформинмен біріктірілген емнен ауысатын пациенттер үшін Гальвусмет® препаратын қабылдау пациент қабылдап жатқан вилдаглиптин немесе метформин дозасына негізделе отырып бастау керек. - Жағдайы метформинмен және сульфонилмочевинамен қосарланған біріктірілімде тиісті түрде бақыланбаған пациенттер үшін Гальвусмет® препаратының дозасы күніне екі рет вилдаглиптинді 50 мг дозада (жалпы тәуліктік дозасы 100 мг) және пациент бұрын қабылдаған метформин дозасын қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Егер Гальвусмет® препараты сульфонилмочевинамен біріктіріліп қабылданса, гипогликемияның даму қаупін төмендету үшін сульфонилмочевинаның неғұрлым төмен дозаларын тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. - Жағдайы инсулинмен қос біріктірілімде және метформиннің ең жоғары көтерімді дозасында тиісті түрде бақыланбаған пациенттер үшін Гальвусмет® препаратының дозасы күніне екі рет вилдаглиптинді 50 мг дозада (жалпы тәуліктік дозасы 100 мг) және пациент бұрын қабылдайтын метформин дозасын қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Тиазолидиндионмен үш компонентті біріктірілген ем құрамында вилдаглиптин мен метформиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Гальвусмет® препаратын балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан Гальвусмет® препаратын 18 жасқа толмаған пациенттерге тағайындау ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер (≥65 лет) Метформин бүйрекпен экскрецияланатындықтан және егде жаста олардың функциясының төмендеу үрдісі болғандықтан, осы жас санатындағы пациенттерді Гальвусмет® препаратымен емдеу кезінде бүйректің функционалдық жағдайын үнемі бақылау қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Гальвусмет® препаратын бауыр жеткіліксіздігінің клиникалық немесе зертханалық көріністері бар пациенттерге, оның ішінде емдеуді бастар алдында АЛТ немесе АСТ белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе артық болған жағдайларда тағайындау ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) құрамында метформин бар препараттармен емдеу басталғанға дейін, содан кейін жылына кемінде 1 рет бағалануы тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуының одан әрі даму қаупі жоғары пациенттерде және егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясын жиі, мысалы, әр 3-6 айда бағалау керек. Метформиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға бөлінуі тиіс. Лактоацидоздың даму қаупін арттыруы мүмкін факторлар ШСЖ <60 мл/мин пациенттерде метформинді қабылдауды бастау туралы мәселе қаралғанға дейін қайта қаралуы тиіс. Егер Гальвусмет® препаратының талапқа сай дозасы болмаса, бекітілген біріктірілімнің орнына жеке монокомпоненттер пайдаланылуы тиіс. ШСЖ мл/мин Метформин Вилдаглиптин 60-89 Ең жоғары тәуліктік доза 3000 мг. Бүйрек функциясы төмендеген жағдайда дозаны азайтуды қарастыруға болады. Дозаны түзету қажет емес. 45-59 Ең жоғары тәуліктік доза 2000 мг. Бастапқы доза ең жоғары дозаның жартысынан аспайды. Ең жоғары тәуліктік доза 50 мг. 30-44 Ең жоғары тәуліктік доза 1000 мг. Бастапқы доза ең жоғары дозаның жартысынан аспайды. <30 Метформинді қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Метформинмен байланысты асқазан-ішек жолдарына әсер етпеу үшін препаратты тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бірден қабылдаған жөн. Емдеу ұзақтығы Емдеуші дәрігер анықтайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.