+221 бонус

ГАЛЬВУС 50 мг №28 таб

4420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Вилдаглиптин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Novartis Pharmaceutical Manufacturing LLC
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетка құрамында белсенді зат - 50 мг вилдаглиптин, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, натрий крахмалы гликоляты А типі, магний стеараты.
Қолданылуы
Гальвус препараты 2 типті қант диабетіне шалдыққан ересектердегі гликемиялық бақылауды жақсарту үшін диета мен жаттығуларға қосымша ретінде көрсетілген: метформинмен емге қарсы көрсетілімі бар немесе оның жағымсыздығы бар пациенттерде монотерапия ретінде дәрілік заттар гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпегенде, инсулинді қоса алғанда, қант диабетін емдеуге арналған басқа дәрілік заттармен үйлесімде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер Монотепария жүргізгенде немесе метформинмен біріктірілген ем, тиазолидиндионмен біріктірілген ем құрамында немесе сульфонилмочевинамен және метформинмен біріктірілген ем немесе инсулинмен біріктіріліміндегі (метформинмен немесе онсыз) ем құрамында препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне таңертең 50 мг және кешке 50 мг қабылданатын 100 мг құрайды. Сульфонилмочевинамен екі компонентті біріктірілген ем құрамында вилдаглиптиннің ұсынылатын дозасы күніне бір рет таңертең 50 мг құрайды. Пациенттердің бұл тобында тәулігіне 100 мг доза тәулігіне 50 мг дозадан тиімді болмады. Сульфонилмочевинамен үйлесімде пайдаланғанда гипогликемия даму қаупін азайту үшін сульфонилмочевина дозасын азайту мүмкіндігін қарау керек. 100 мг асатын дозада пайдалану ұсынылмайды. Егер пациент препарат дозасын мерзімінде қабылдамаса, Гальвус препаратын пациент бұл туралы есіне түсірісімен қабылдау керек. Дәл сол күні қосарлы доза қолдануға болмайды. Метформинмен және тиазолидиндионмен үш компонентті біріктірілген ем құрамында вилдаглиптиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Гальвус препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер (≥65 жас) Препаратты егде жастағы пациенттерге тағайындағанда дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысы бар пациенттерге (креатинин клиренсімен ≥ 50 мл / мин) тағайындаған кезде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа немесе ауыр түрі бар немесе бүйрек ауруының терминальді сатысы бар пациенттерде Гальвус препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Гальвус препаратын бауыр функциясы бұзылған пациенттерге, оның ішінде аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейі алдын ала емдеуден өткен, қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 3 есе жоғары пациенттерге тағайындауға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Гальвус препаратын тамақ ішуге байланыссыз ішке қабылдайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.