+294 бонус

ГАЛСТЕНА капли гомеопатические 50 мл

5880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие лекарственные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Автрия
  • Өндіруші: Рихард Биттнер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді заттар – Silybum marianum D1 – 2 мл, Taraxacum D6 – 10 мл, Chelidonium D6 – 10 мл, Natrium sulfuricum D12 – 10 мл, Phosphorus D12 – 10 мл қосымша зат: 43% этил спирті 1 мл = шамамен 25 тамшы
Қолданылуы
Қолданылу салалары гомеопатиялық препараттар үшін алынған. Бұл дәрілік зат үшін келесі қолданылу көрсетілімдері мақұлданған. - бауырдың, өт қалтасының, ұйқы безінің аурулары кезінде асқазандағы ауырлық сезімінде және метеоризмде; - ас қорыту бұзылыстарында. - жүрек айнуында Бұл гомеопатиялық дәрілік препараттың қолданылуы тек гомеопатиялық тәжірибенің негізінде ғана жоғарыда көрсетілген қолданылу салаларына негізделген. Аталған аурулардың ауыр түрлері кезінде клиникалық тұрғыдан дәлелденген емі көрсетілген. Галстена ересектерде, жасөспірімдер мен 2 жастан асқан балаларда қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарына немесе толтырғыштарының кез келгеніне жоғары сезімталдық; - 2 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге: Емнің басында әр 30-60 минут сайын 10 тамшыдан қабылдау керек (ең көбі күніне 4 рет). Жай-күй жақсарған жағдайда қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс. 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға: Емнің басында әр 30-60 минут сайын 5 тамшыдан қабылдау керек (ең көбі күніне 4 рет). Жай-күй жақсарған жағдайда қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс. Галстена® - тамшылары тамаққа дейін 30 минут бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін кемінде 1 сағаттан соң қабылдануы тиіс. Галстена® - тамшыларын азғантай мөлшердегі сумен сұйылтып қабылдау керек. Егер шағымдар күшейе түссе немесе 7 күннен кейін жақсару басталмаса, дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет. Созылмалы аурулар кезінде бірнеше апта бойына емдеу курсы қажет болуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Ішуге қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.