+107 бонус

ГАЛИДОР 25 мг/мл 2 мл №10 амп

2150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бенциклан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - бенциклан фумараты 25 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Қантамырлардың аурулары: - шеткері қантамырлардың аурулары: Рейно ауруы, акроцианозбен және тамыр түйілулерімен қатар жүретін басқа аурулар, сондай-ақ артериялар окклюзиясы тудырған жай-күйлерде - ми қантамырларының аурулары: ми қан айналымы бұзылуында кешенді ем құрамында Ішкі ағзалардың түйілуін жою: - асқазан-ішек аурулары: түрлі этиологиядағы гастроэнтериттер (әсіресе инфекциялық), инфекциялық және қабынбалы колиттер, тоқ ішектің функционалдық аурулары, тенезмдер, операциядан кейінгі метеоризм, холецистит, өт-тас ауруы, холецистэктомиядан кейінгі жағдай, Одди сфинктерінің дискинезиясы кезіндегі моториканың бұзылуы, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде - урологиялық синдромдар: қуық тенезмдері, несеп-тас ауруының қосымша емі (бүйрек шаншуы кезінде анальгетиктермен біріктіре отырып), зерттеудің аспаптық тәсілдеріне дайындықта
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық - тыныс алудың, бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі -декомпенсацияланатын жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі, жүрекше-қарынша блокадасы - эпилепсия, құрысуға жоғары дайындықтың әр алуан түрлері - таяуда өткерген инсульт - соңғы 12 айдағы бас сүйек-ми жарақаты - жүктілікте және лактация кезеңінде (салыстырмалы қарсы көрсетілім) - 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Вена ішіне енгізу үшін ампуланың ішіндегісін 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісімен 10-20 мл көлемге дейін сұйылту керек. Қантамырлардың аурулары: 2-3 инфузияға бөлінген, 200-300 мг тәуліктік дозада инфузия жолымен енгізу; инфузияны шамамен 1 сағаттың ішінде баяу жүргізу керек. Ішкі ағзалар түйілуін жою: аурудың жедел түрлерінде инъекцияны препараттың физиологиялық ерітіндісімен 10-20 мл дейін сұйылтылған 2-4 ампуласын вена ішіне баяу енгізеді немесе 50 мг бұлшықет ішіне енгізіледі. Емдеу ұзақтығын пациенттің клиникалық жағдайына байланысты дәрігер жекелей анықтайды. Ампуланы ашу (оңқайлар үшін): Ампуланың корпусын бас бармақ және иілген сұқ саусақтың арасында сол қолыңызға алыңыз. Сындыру нүктесі жоғарғы жағында болуы керек (1-сурет). Ампуланың басын бас бармақ және иілген сұқ саусақтың арасында оң қолыңызға бас бармақ сындыру нүктесінде оны жауып тұратындай етіп (2-сурет) алыңыз. Сол қолыңыздың сұқ саусағына баса отырып, ампулаға оң қолыңыздың бас бармағымен орташа күшпен тұрақты қысым көрсете отырып басыңыз. Оң және сол қолыңызды бір біріне жақындатпаңыз және алыстатпаңыз (3-сурет). Ампула мойны басқаннан кейін кез келген уақытта сынуы мүмкін, сіз оны сезбеуіңіз мүмкін Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (сұйылтқаннан кейін) енгізуге, сондай-ақ инфузияға арналған ерітінді. Емдеу ұзақтығы Инфузия ұзақтығын дәрігер анықтайды. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Симптомдары: жүрек жиырылуларының жиілеуі, артериялық қысымның төмендеуі, коллапсқа бейімділік, несепті ұстай алмау, ұйқышылдық, мазасыздық, психомоторлық қозу, ал ауыр жағдайларда – эпилепсия түріндегі құрысу ұстамалары. Емі: арнайы антидоты белгісіз. Симптоматикалық ем, асқазанды шаю. Құрысу ұстамалары дамыған жағдайда бензодиазепиндерді қолдану ұсынылады. Бенцикланды диализ арқылы шығару мүмкіндігі туралы деректер жоқ. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар Аллергиялық симптомдар Психиканың бұзылулары: Сирек: сананың өтпелі шатасуы, елестеулер Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: Өте сирек: мазасыздық, бас ауыруы, бас айналуы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, діріл, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, жадының бұзылуы. бірлі-жарым жағдайларда жүйке жүйесіндегі ошақтық симптомдар. Елеулі артық дозалану жағдайында тонус-клонустық құрысулар дамуы мүмкін. Жүрек тарапынан бұзылулар: Бірлі-жарым жағдайларда жүрекшелік немесе қарыншалық тахиаритмия болуы мүмкін (әсіресе басқа проаритмогендік препараттармен бірге енгізгенде) Қантамырлар тарапынан бұзылулар: тромбофлебит (вена ішіне енгізген кезде) Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: -ауыздың құрғауы, асқазанның ауыруы, тойыну сезімі, жүрек айну, құсу Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылыстар: -жалпы дімкәстік, дене салмағының артуы Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелеріне әсері: - бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ) белсенділігінің өтпелі жоғарылауы, лейкопения Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Электронды пошта: http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.