+160 бонус

ГАЛИДОР 100 мг №50 таб

3210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бенциклан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: бенциклан фумараты 100 мг, қосымша заттар: картоп крахмалы, поливинилацетат, магний стеараты, карбомер 934 Р, тальк, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Қантамырлардың аурулары: - шеткері қантамырлардың аурулары: Рейно ауруы, акроцианозбен және тамыр түйілулерімен қатар жүретін басқа аурулар, сондай-ақ артериялар окклюзиясы тудырған жай-күйлерде - ми қантамырларының аурулары: ми қан айналымы бұзылуында (кешенді ем құрамында) Ішкі ағзалардың түйілуін жою: - асқазан-ішек аурулары: түрлі этиологиядағы гастроэнтериттер, әсіресе инфекциялық; инфекциялық және қабынбалы колиттер, тоқ ішектің функционалдық аурулары, тенезмдер, операциядан кейінгі метеоризм, холецистит, өт-тас ауруы, холецистэктомиядан кейінгі жағдай, Одди сфинктерінің дискинезиясы кезіндегі моториканың бұзылуы, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында (кешенді ем құрамында) - урологиялық синдромдар: қуық тенезмдері, несеп-тас ауруының қосымша емі (бүйрек шаншуы кезінде анальгетиктермен біріктіре отырып), зерттеудің аспаптық тәсілдеріне дайындық
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді немесе басқа компонентіне жоғары сезімталдық - тыныс алудың, бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі -декомпенсациялайтын жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі, жүрекше-қарынша блокадасы - эпилепсия, спазмофилияның әр алуан түрлері - таяуда өткерген инсульт - анамнезіндегі соңғы 12 айдағы бас сүйек-ми жарақаты - жүктілікте және лактация кезеңінде (салыстырылмалы қарсы көрсетілім) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Қантамырлық аурулар: Ересектерге ұсынылған тәуліктік дозасы – 300 мг (тәулігіне 3 рет 1 таблетка) аурудың симптомдары жоғалғанға дейін. Ауыр жағдайларда дозаны тәулігіне 3 рет 2 таблеткаға дейін жоғарылатуға болады. Ішкі ағзалардың түйілуін қайтару: Ұсынылған тәуліктік доза –1-2 таблеткадан бір рет, тәулігіне 4 таблеткадан асырмай. Енгізу әдісі және жолы Таблеткалар ішке қабылдауға арналған. Препарат қатаң дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады! Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы үшін - 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет, 3-4 апта, содан кейін 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет аурудың симптомдары қайтқанға дейін. Емдеу ұзақтығын пациенттің клиникалық жағдайына байланысты дәрігер жекелей анықтайды. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Симптомдары: жүрек жиырылуларының жиілеуі, артериялық қысымның төмендеуі, коллапсқа бейімділік, несеп ұстамау, ұйқышылдық, мазасыздық, ал ауыр жағдайларда – эпилепсия түріндегі құрысу ұстамалары. Емі: арнайы антидоты белгісіз. Симптоматикалық ем, асқазанды шаю. Құрысу ұстамалары дамыған жағдайда бензодиазепиндерді қолдану ұсынылады. Бенцикланды диализ арқылы шығару мүмкіндігі туралы деректер жоқ. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар Аллергиялық симптомдар Психиканың бұзылулары: Сирек: сананың өтпелі шатасуы, елестеулер Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: Өте сирек: мазасыздық, бас ауыруы, бас айналуы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, діріл, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, жадының нашарлауы. Бірлі-жарым жағдайларда орталық жүйке жүйесіндегі ошақталған зақымдану симптомдары. Елеулі артық дозалану жағдайында тонус-клонустық құрысулар дамуы мүмкін. Жүрек тарапынан бұзылулар: Бірлі-жарым жағдайларда жүрекшелік немесе қарыншалық тахиаритмия болуы мүмкін (әсіресе басқа проаритмогендік препараттармен бірге енгізгенде) Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: -ауыздың құрғауы, асқазанның ауыруы, тойыну сезімі, жүрек айну, құсу Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылыстар: -жалпы дімкәстік, дене салмағының артуы Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелеріне әсері: - бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ) белсенділігінің өтпелі жоғарылауы, лейкопения. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.