+197 бонус

ГАЛАВИТ 25 мг №20 таб

3950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Сэлвим ООО
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – натрий аминодигидрофталазиндионы (Галавит) 25 мг, қосымша заттар: сорбитол, крахмал, лактоза, кальций стеараты, тальк, рацементол (ментол).
Қолданылуы
Галавит ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерде (оның ішінде салдарлық иммундық жеткіліксіздігі бар адамдарда) Иммуномодуляциялайтын және қабынуға қарсы дәрі ретінде кешенді емде қолданылады: - бактериялық және вирустық этиологиядағы (ЖРВИ, тұмау, бронхит, пневмония, тонзиллиттер, отиттер, аденоидиттер) жедел респираторлық инфекцияларда, тыныс алу жолдары және ЛОР-ағзаларының ауруларында (оның ішінде жиі қайталануда) және олардың профилактикасында; - ауыз қуысы және тамақ шырышты қабығының қабыну ауруларында, пародонт ауруларында; - герпес вирусы туындатқан созылмалы қайталанған ауруларда; - дененің жұмыс қабілеті төмендегенде (оның ішінде, спортшыларда).
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын галактоза, фруктоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы - жүктілік және бала емізу кезеңі - 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер аурудың диагнозы мен ауырлығына байланысты тіл астына күн сайын 1 таблеткадан күніне 4 ретке дейін немесе күнсайын 2 таблеткадан күніне 2 ретке дейін. Ең жоғарғы тәуліктік доза 100 мг. Препаратты қолдану сызбасы: Жедел респираторлық инфекцияларды, тұмауды, бронхитті, пневмонияны, тонзиллитті, отитті, аденоидты емдеу үшін: күніне 1 таблеткадан 4 рет. Курс 5 күн. Созылмалы және жиі қайталанатын ағымдарда күніне 1 таблеткадан 4 рет 15 күнге дейінгі курспен күнара жалғастыру керек. Профилактика үшін: 1 таблеткадан күніне 2 рет. Курс 5-10 күн. Ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығының қабыну аурулары, пародонт аурулары кезінде: күніне 1 таблеткадан 4 рет 5 күн бойы. Содан кейін 1 таблеткадан күніне 4 рет 3 тәуліктен соң 3 аптаға дейінгі курспен. Герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар кезінде: күніне 1 таблеткадан 4 рет 10 күн бойы. Содан кейін күніне 4 рет 1 таблеткадан күнара 10 күн бойы. Дененің жұмыс қабілетін арттыру үшін: күніне 4 рет 1 таблеткадан 10 күн бойы, содан соң күніне 4 рет 1 таблеткадан 3 тәулік аралықпен 3 аптаға дейінгі курспен. Енгізу әдісі және жолы Таблетканы толық ерігенге дейін тіл астында ұстайды. Емдеу ұзақтығы Препаратты қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты. Галавит препаратымен емдеуді аурудың кез-келген кезеңінде бастауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.