+455 бонус

ГАЛАВИТ 100 мг №5 фл

9100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: ООО Сэлвим
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде: белсенді зат – натрий аминодигидрофталазиндионы (Галавит) 50 мг немесе 100 мг.
Қолданылуы
Галавит ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерде иммундық тапшылық жағдайларының кешенді емінде иммуномодуляциялайтын және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады: урогенитальді инфекциялық-қабыну ауруларында (шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатит, жедел және созылмалы сальпингоофорит, эндометрит); кіші жамбас ағзаларының іріңді-қабыну аурулары; герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар; адам папилломасы вирусынан туындаған аурулар; - жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалтуда; - ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынулар; - операциялардан кейінгі іріңді-септистік асқынулар және олардың профилактикасы (оның ішінде, онкологиялық науқастарда); - созылмалы қайталанатын фурункулез, тілме; - ауыз қуысы және тамақтың шырышты қабығының қабыну аурулары, пародонт аурулары; - асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы; - А, В, С вирусты гепатиттер; - астениялық жағдайлар, невроздық және соматоформалы бұзылыстар; алкогольдік және есірткіге тәуелділік кезінде психикалық, мінез-құлықтық және постабстинентті бұзылыстар; - дене жұмыс қабілетінің төмендеуі (оның ішінде, спортшыларда). Галавит ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерде монотерапияда қолданылады: созылмалы урогенитальді инфекциялар, оның ішінде қайталану аралығы кезеңінде клиникалық ремиссияны демеу мақсатында иммунитетті оңалту шараларын өткізген кезде; уыттану және/немесе диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолының жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары. Галавит 6 жастан асқан балаларға кешенді емде қолданылады: шығу тегі бактериялық және вирустық тыныс алу жолдары мен ЛОР-мүшелерінің жиі қайталанатын аурулары (жиі ЖРВИ, бронхит, пневмония, созылмалы тонзиллит, созылмалы отит, созылмалы аденоидит); іріңді хирургиялық аурулар (күйік зақымданулары, қайталанатын фурункулез, созылмалы остеомиелит, оментитпен бірге гангреналы аппендицит, перитонит, іріңді плеврит).
Қарсы көрсетілімдер
- Галавит препаратына жеке жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдерде кешенді ем құрамында: Урогенитальді ауруларда - шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатитте: 1-күні 100 мг-ден екі рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы 10-15 инъекция (патологиялық үдерістің ауырлығына байланысты). Жедел кезеңдегі сальпингоофоритте, эндометритте: 2 күн 200 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен, қолдану ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты. Курсқа барлығы 20 инъекция. Созылмалы кезеңде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден әр 72 сағат сайын. Курсы 20 инъекция. Кіші жамбас ағзаларының іріңді-қабыну ауруларында: жедел кезеңде – 1 күн 200 мг бір рет, 3 күн 100 мг-ден күн сайын, содан соң 100 мг-ден күнара 5 инъекция. Курсы 9 инъекция (10 флакон). Созылмалы кезеңде – 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг әр 72 сағат сайын. Курсы – 20 инъекция. Герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар кезінде: күн сайын 100 мг-ден 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден күнара 15 инъекция. Курсы 20 инъекция. Папиллома вирусынан туындаған ауруларда: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара 15 инъекция. Курсы 20 инъекция. Жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалту үшін және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынуда: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы – 15 инъекция. Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы және емдеу үшін (оның ішінде, онкологиялық науқастарда) 100 мг-ден күніне 1 рет 5 инъекция операцияға дейін, операциядан кейін 100 мг-ден күнара 5 және 5 инъекция 100 мг-ден 72 сағат аралықпен тағайындайды. Аурудың ауыр ағымы кезінде бастапқы доза 200 мг бір рет немесе 100 мг-ден күніне 2 рет. Курсы – 20 инъекция. Ауыз қуысы және тамақ шырышты қабығының қабыну ауруларында, пародонт ауруларында: бастапқы доза 100 мг күнделікті - 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 15 инъекция. Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруында жедел кезеңде: 2 күн 200 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 15-25 инъекция. Созылмалы кезеңде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін. Курсы 20 инъекция. А, В, С вирусты гепатиттерінде: бастапқы доза бір рет 200 мг құрайды, содан соң 100 мг-ден күніне 2 рет уыттану мен қабыну симптомдары басылғанша. Кейінгі курстың жалғасуы 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 20 -25 инъекция. Созылмалы қайталанатын фурункулезде, тілмеде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы 20 инъекция. Астениялық жағдайларда, невроздық және соматоформалы бұзылыстарда, алкогольдік және есірткіге тәуелділігі бар пациенттерде психикалық, мінез-құлықтық және постабстинентті бұзылыстарда: 5 күн 100 мг-ден күнделікті, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін. Курсы 15-20 инъекция. Дене жұмыс қабілетін жоғарылату үшін: 100 мг-ден күнара – 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін, курсы 20 инъекцияға дейін. Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде монотерапияда: Созылмалы урогенитальді инфекциялар, оның ішінде қайталану аралығы кезеңінде клиникалық ремиссияны демеу мақсатында иммунитетті оңалту шараларын өткізген кезде: 100 мг-ден күнара курсы 10 инъекция; Уыттану және/немесе диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолының жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары: 200 мг бір рет, содан соң уыттану симптомдары басылғанша 100 мг-ден күніне 2 рет. Курсты 100 мг-ден 72 сағат аралықпен кейіннен жалғастыруға болады. Курсы 20-25 инъекция. 6 жастан асқан балаларда кешенді ем құрамында: Шығу тегі бактериялық және вирустық тыныс алу жолдары мен ЛОР-мүшелерінің жиі қайталанатын ауруларында (жиі ЖРВИ, бронхит, пневмония, созылмалы тонзиллит, созылмалы отит, созылмалы аденоидит): 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 50 мг бір инъекциядан күн сайын 5 күн бойы, содан соң 50 мг-ден күнара күніне бір рет 10 – 15 күн бойы. Курсы 10-15 инъекция. 12 жастан асқан 18 жасқа дейінгі балаларға: емдеу сол сызба бойынша 100 мг-ден бұлшықет ішіне инъекция түрінде. Іріңді хирургиялық ауруларда (күйік зақымданулары, қайталанатын фурункулез, созылмалы остеомиелит, оментиттен бірге гангреналы аппендицит, перитонит, іріңді плеврит): 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 50 мг бір инъекциядан күнделікті – 5 күн, содан соң 50 мг бір инъекциядан күнара 10 – 15 күн бойы. Курсы 10-13 инъекция; 12 жастан асқан 18 жасқа дейінгі балаларға: емдеу сол сызба бойынша 100 мг-ден бұлшықет ішіне инъекция түрінде жүргізіледі. Таңу кезінде Галавит мүмкіндігінше сыртқа қолдану керек, инъекцияға арналған судағы Галавит 1 % ерітіндісіне малынған стерильді сүрткілермен таңғыш түрінде (болтушкамен таңғыштар немесе суда еритін жақпамай таңғыштары). Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне. Енгізер алдында препаратты 2 мл инъекцияға арналған суда немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады. Емдеу ұзақтығы Препаратты қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.