+423 бонус

ГАЛАВИТ 100 мг №10 супп рект

8460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Сэлвим ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында белсенді зат – натрий аминодигидрофталазиндионы (галавит®) - 100 мг, қосымша заттар: витепсол W-35 (майлы қышқылдар глицеридтері) - 575 мг, витепсол Н-15 (майлы қышқылдар глицеридтері) - 575 мг.
Қолданылуы
Галавит ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерде иммундық тапшылық жағдайларының кешенді емінде иммуномодуляциялайтын және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады: урогенитальді инфекциялық-қабыну ауруларында (шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатит, жедел және созылмалы сальпингоофорит, эндометрит) кіші жамбас ағзаларының іріңді-қабыну аурулары герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар адам папилломасы вирусынан туындаған аурулар жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалтуда ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынулар операциялардан кейінгі іріңді-сепсистік асқынулар және олардың профилактикасы (оның ішінде, онкологиялық науқастарда) созылмалы қайталанатын фурункулез, тілме тұмау мен жедел респираторлық инфекцияларды емдеу және спецификалық емес профилактикасы ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығының қабынбалы аурулары, пародонт аурулары вирустық гепатиттер уыттанумен және/немесе диареямен қатар жүретін ішектің инфекциялық аурулары асқазанның және ұлтабардың ойықжара ауруы астениялық жағдайлар, невроздық және соматоформалы бұзылыстар, алкогольдік және есірткіге тәуелділік кезінде психикалық, мінез-құлықтық және постабстинентті бұзылыстар дене жұмыс қабілетінің төмендеуі (оның ішінде, спортшыларда).
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе Галавит препаратының қосымша заттарының кез келгеніне жеке жоғары сезімталдық жүктілік және бала емізу кезеңі 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерде препаратты қолдану сызбасы: Урогенитальді ауруларда - шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатитте: 1-ші күні 1 суппозиторийден екі рет, содан соң күнара 1 суппозиторийден. Курсы 10 - 15 суппозиторийден тұрады (патологиялық үдерістің ауырлығына байланысты). Жедел кезеңдегі сальпингоофоритте, эндометритте: 2 күн 2 суппозиторийден бір рет (бірінен соң бірін қатарынан енгізу), содан соң 72 сағат аралықпен бір-бірден. Созылмалы кезеңде: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң әрбір 72 сағат сайын бір-бірден. Емдеу курсы 20 суппозиторийден тұрады. Кіші жамбас ағзаларының іріңді-қабыну ауруларында - жедел кезеңде: 1-ші күні 2 суппозиторийден бір рет (бірінен соң бірін қатарынан), содан соң келесі 3 күн бір суппозиторийден күн сайын, содан соң күн ара бір-бірден – 5 күн. Курсы – 10 суппозиторийден тұрады. Созылмалы кезеңде: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң әрбір 72 сағат сайын бір-бірден. Курсы 20 суппозиторийден тұрады. Герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар кезінде: 5 күн күніне 1 рет 1 суппозиторийден, содан соң күн ара 1 суппозиторийден. Емдеу ұзақтығы 15 суппозиторийден тұрады. Адам папиллома вирусынан туындаған ауруларда: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң күн ара 1 суппозиторийден. Емдеу ұзақтығы 20 суппозиторийден тұрады. Жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалту үшін және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынуда: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң күн ара – бір-бірден. Курсы – 15 суппозиторийден тұрады. Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде хирургиялық асқынулардың алдын алу және емдеу үшін (оның ішінде, онкологиялық науқастарда): операцияға дейін 5 суппозиторий - күніне 1 рет 1 суппозиторийден, операциядан кейін 5–еу - күнара бір-бірден және 72 сағат аралықпен - 5 суппозиторий. Аурудың ауыр ағымы кезінде: бастапқы доза 2 суппозиторий бір рет немесе күніне 2 рет бір-бірден. Курсы – 20 суппозиторийден тұрады. Созылмалы қайталанатын фурункулезде, тілмеде: 5 күн бір суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң күнара – бір-бірден. Курсы 20 суппозиторийден тұрады. Тұмау мен жедел респираторлық инфекцияларды емдеу және спецификалық емес профилактикасы үшін: күніне 1 рет бір суппозиторийден. Курсы 5 суппозиторийден тұрады. Ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығының қабынбалы ауруларында, пародонт ауруларында: бастапқы доза күн сайын 1 суппозиторийден - 5 суппозиторий, содан соң бір-бірден - 72 сағат аралықпен. Курс 15 суппозиторийден тұрады. Вирустық гепатиттерде: бастапқы доза бір рет 2 суппозиторийді құрайды, содан соң бір-бірден – уыттану мен қабыну симптомдары басылғанға дейін күніне 2 рет. Курсты әрі қарай жалғастыру 1 суппозиторийден 72 сағат аралықпен. Курс 20-25 суппозиторийден тұрады. Диареялық синдроммен қатар жүретін ішектің жедел инфекциялық ауруларында: бастапқы доза бір рет 2 суппозиторийді құрайды, содан соң уыттану симптомдары басылғанға дейін күніне 2 рет 1 суппозиторийден. Курсты әрі қарай 1 суппозиторийден 72 сағат аралықпен жалғастыруға болады. Курс 20-25 суппозиторийден тұрады. Асқазанның және ұлтабардың жедел кезеңдегі ойықжара ауруында: күніне 1 рет 2 суппозиторийден 2 күн, содан соң 1 суппозиторийден 72 сағат аралықпен. Курс 15-25 суппозиторийден тұрады. Созылмалы кезеңде: күніне 1 рет 1 суппозиторийден 5 күн, содан соң бір-бірден - 72 сағаттан кейін. Курс 20 суппозиторийден тұрады. Астениялық жағдайларда, невроздық және соматоформалы бұзылыстарда, алкогольдік және есірткіге тәуелділігі бар пациенттерде психикалық, мінез-құлықтық және постабстинентті бұзылыстарда: күн сайын бір суппозитоийден 5 күн, содан соң 72 сағат сайын бір-бірден. Курс 15-20 суппозиторийден тұрады. Дене жұмыс қабілетін жоғарылату үшін: күнара 1 суппозиторийден — 5 суппозиторий, содан соң 72 сағат сайын —  бір-бірден, курс - 20 суппозиторийден тұрады. Енгізу әдісі және жолы Ректальді. Суппозиторийді пішінді қаптамасынан алып, содан соң тік ішекке енгізеді. Ішекті алдын ала босату керек. Емдеу ұзақтығы Препаратты қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.