ФУРОСЕМИД 40 мг №50 таб

200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фуросемид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
белсенді зат – 40 мг фуросемид; қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, крахмал 1500, ішінара желатинделген жүгері крахмалы, магний стеараты.
Қолданылуы
4.1 ДП ересектерде, 6 жастан бастап балаларда қолдануға арналған. - жүрек немесе бүйректен болатын ісінулер; - бауырдан болатын ісінулер, әдетте калий жинақтайтын диуретиктермен қолданған кезде; - тиазидті диуретиктерді тағайындауға болмайтын бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттердегі артериялық гипертензия (әсіресе креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - бүйректің жедел жеткіліксіздігі; - бауыр энцефалопатиясы; - несеп шығару жолдарының обструкциялары; - гиповолемия немесе дегидратация; - декомпенсацияланған гипокалиемия; - декомпенсацияланған гипонатриемия; - жүктілік, бала емізу; - литиймен біріктірілімдер; - галактоземия, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, лактаза жеткіліксіздігі; - экскрециясы көбінесе өт арқылы жүзеге асырылатын фуросемидтің жинақталу қаупіне байланысты, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде гемодиализдегі пациенттерде гепатит және гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік (креатинин клиренсі < 30 мл/мин); - 6 жасқа дейінгі балалар (қатты дәрілік түрі).
Дозасы
Дозалау режимі көрсетілімдерге, клиникалық жағдайға, пациенттің жасына байланысты жеке белгіленеді. Емдеу процесінде дозалау режимі диурездік жауаптың шамасына және пациент жағдайының динамикасына байланысты түзетіледі. Ересектер. Жүрек, бүйрек немесе бауырдан болатын ісінулер кезінде: - орташа ауыр жағдайы: күніне 20-40 мг (1/2–1 таблетка); - ауыр жағдайы: күніне 1 немесе 2 қабылдауда 80-120 мг (2-3 таблетка) немесе күніне 2 қабылдауда 120-160 мг (3-4 таблетка). Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде артериялық қысымның жоғарылауы кезінде: басқа гипертензияға қарсы препараттармен (ренин-ангиотензин жүйесінің антагонистері) бірге бір немесе екі қабылдауға күніне 20-120 мг (1/2–3 таблетка) әдеттегі дозалар ұсынылады. Бұл дәрілік түрі дәрілік препараттың кемінде 40 мг дозасын қамтамасыз етпейді. Препаратты 20 мг дозада тағайындағанда осындай дозалау мүмкіндігі бар фуросемид препараттарын қолдану қажет. Балалар 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды (қатты дәрілік түрі). Жүрек, бүйрек немесе бауырдан болатын ісінулер кезінде дене салмағының 1-2 мг/кг тәуліктік дозасы 1-2 қабылдауға бөлінеді. Бұл дәрілік түрі 40 мг кем дозаны қамтамасыз етпейді және дене салмағы 40 кг аз балаларда қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.