+750 бонус

ФУРАМАГ 25 мг №30 капс

15000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фуразидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Олайнфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат: фуразидин (25,00 мг калий фуразидиніне сәйкес) 21,85 мг, қосымша заттар: калий карбонаты, негізгі магний карбонаты, тальк, желатин капсуланың корпусы мен қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е171), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172), желатин.
Қолданылуы
Калий фуразидиніне сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекцияда: несеп шығару жолдарының инфекцияларында (жедел цистит, уретрит, пиелонефрит), простатитте, тері және жұмсақ тіндердің инфекцияларында, ауыр инфекция жұққан күйіктерде, гинекологиялық инфекцияларда. Урологиялық операциялар, цистоскопия, катетеризация және т.б. кезінде несеп шығару жолдары инфекцияларының профилактикасы үшін
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарына, нитрофуран тобының басқа қосылыстарына немесе дәрілік заттың қосымшаларына жоғары сезімталдық ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≤ 30 мл/мин) полиневропатия (диабеттікті қоса) порфирия (тұқым қуалайтын қандағы пигменттік алмасудың бұзылуы) жүктілік және бала емізу кезеңінде 6 жасқа дейінгі, дене салмағы 30 кг балаларға
Дозасы
Ересектерге: 50-100 мг (2-4 капсула) күніне 3 рет. Дене салмағы 30 кг артық 6 жастан үлкен балаларға: 50 мг (2 капсула) күніне 3 рет. Емдеу курсы 7-10 күнді құрайды. Қажет болғанда 10-15 күндік үзілістен соң курсты қайталайды. Инфекциялардың профилактикасы үшін Ересектер және салмағы 30 кг және одан асатын 6 жастан үлкен балаларға: 50 мг күніне бір рет. Өткізіп алған дозаның орнын басу үшін ешқашан екі еселенген доза қабылдамаңыз. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дәрілік затты сақтықпен қолдану керек, емдеу кезінде бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дәрілік затты сақтықпен қолдану керек, емдеу кезінде бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет. Дәрілік затты егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Енгізу әдісі және жолы Дәрілік затты тамақтан кейін ішке қабылайды. Капсуланы, көп мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, бүтіндей жұтады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.