+2 бонус

ФУРАДОНИН 50 мг №10 таб

52 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нитрофурантоин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Ирбитский ХФЗ ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – нитрофурантоин (фурадонин) – 50 мг; қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, картоп крахмалы.
Қолданылуы
Несеп шығару жолдарының бактериялық инфекциялары: жедел асқынбаған инфекциялар, ауыр асқынбаған қайталанатын инфекциялар, несеп шығару жолдарының инфекцияларының профилактикасы, оның ішінде асқынбаған созылмалы аурулар кезінде және урологиялық операциялар немесе қарап-тексерулер кезінде (цистоскопия, несеп шығару жолдарының катетерлеуі және т.б.).
Қарсы көрсетілімдер
- нитрофурантоинге, нитрофуран туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анурия - олигурия - бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 45 мл/мин аз) - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы - порфирия - неврит немесе полинейропатия - өкпе фиброзы - II-III сатыдағы жүректің созылмалы жеткіліксіздігі - бауыр циррозы, созылмалы гепатит - жүктілік және бала емізу кезеңі - 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздік және тиімділік бойынша деректердің болмауына байланысты)
Дозасы
Тамақтану кезінде көп мөлшерде сумен ішіп қабылдау керек. Жедел асқынбаған инфекция: ересектер - 7 күн ішінде күніне 2 рет 100 мг. Аурудың симптомдары инфекцияны емдеу басталғанға дейін жойылуы мүмкін және препаратты қолдануды тоқтатқан кезде ауру қайтадан өршуі мүмкін. Ауыр созылмалы қайталанатын инфекция: ересектер үшін - 7 күн ішінде күніне 3-4 рет 100 мг. Егер жүрек айнуы пайда болса, дозаны азайту немесе қабылдауды тоқтату керек. Несеп шығару жолдарының инфекцияларының профилактикасы, оның ішінде асқынбаған созылмалы аурулар кезінде және урологиялық операциялар немесе қарап-тексерулер кезінде (цистоскопия, несеп шығару жолдарының катетерлеуі және т.б.): ересектерге - түнде 100 мг. 12 жастан бастап балаларға несеп шығару жолдарының жедел асқынбаған инфекциясында ересектерге арналған дозаларды қолдануға болады. Енгізу әдісі мен жолы Тамақтану кезінде көп мөлшерде сумен ішіп қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.