ФУНГОСТАТИН 100000ед/мл 7,5 г/50 мл

1790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нистатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат – 1000.00 мг нистатин (100 000 ӘБ/мл белсенділігін ескере отырып есептелген), қосымша заттар: Авицел CL 611, метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, натрий бензоаты, микрокристалды целлюлоза РН 105, натрий кроскармеллозасы, натрий сахарині, сахароза, повидон (ПВП K30), аэросил 200, банан хош иістендіргіші, этил спирті 96 %.
Қолданылуы
Ауыздың, өңештің немесе ішектің шырышты қабығына әсер ететін Candida albicans тудыратын зең инфекцияларының профилактикасы және емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
нистатинге немесе кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза- галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Ересектер: Ересектердегі тіс протездеуімен байланысты стоматитті және C. albicans тудырған ауыз қуысының инфекцияларын емдеу үшін күніне 4 рет 1 мл суспензияны аузына тамызады; зақымданған аймақтармен мүмкіндігінше ұзақ байланыста болуы керек. Балалар: Жаңа туылған нәрестелер мен балалардағы ішектің және ауыз қуысының кандидозында (ауыз уылуы) күніне 4 рет 1 мл. Суспензияны біршама уақыт жұтпай, ауызда ұстап тұру керек. Жаңа туылған нәрестелердегі кандидоздың профилактикасы үшін ұсынылатын доза күніне 1 рет 1 мл құрайды. Егде жастағы науқастар: Дозалауына немесе сақтық шараларына нақты ұсыныстар жоқ. Емдеу курсы 7 күн. Зеңдік инфекцияның қайталануын болдырмау үшін емдеуді аурудың симптомдары жоғалғаннан кейін және өсірінді зерттеулерінің теріс нәтижелерін алғаннан кейін 48 сағат бойы жалғастыру керек. Егер белгілер мен симптомдар нашарласа немесе сақталса (емдеудің 14 күнінен кейін), пациентті қайта бағалау және баламалы емді қарастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.