ФУЦИС ДТ 50 мг №4 диспер. таб

3180 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – флуконазол, 50 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, повидон К 30, тальк, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий сахарині, «Америкалық балмұздақ» DС 129* хош иістендіргіші * Құрамы: лактоза, акация шайыры (E 414), табиғи затқа ұқсас дәмдік - хош иісті зат.
Қолданылуы
ФУЦИС®ДТ ересектерде мынадай ауруларды емдеуге арналған: - криптококкты менингит - кокцидиоидомикоз - инвазиялық кандидоз - шырышты қабықтардың кандидозы (орофарингеальді кандидозды,    өңеш кандидозын, кандидурия, тері - шырышты қабықтардың созылмалы кандидозын қоса) - ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланудан туындаған), егер ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болса - жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидоз (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда) - кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда) - табан, кеуденің, шап аумағының микозын қоса, дерматомикозда; сондай-ақ түрлі-түсті (кебек тәрізді) теміреткі және тері кандидозы (жүйелі ем қажет болған жағдайда) - тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа заттар қолдану мүмкін болмаған жағдайда). ФУЦИС® ДТ ересектерде мынадай аурулардың профилактикасы үшін қолданылады: - қайталанудың туындау қаупі жоғары науқастардағы криптококкты менингит қайталану туындау қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз немесе өңеш кандидозы - қынаптық кандидоздың қайталануы (жылына 4 және одан да көп көріністері) - ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде (мысалы, химиялық ем қабылдап жүрген қатерлі гематологиялық ісігі бар науқастарда немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантацияланғаннан кейінгі пациенттер үшін) кандидоздық инфекцияларда. ФУЦИС® ДТ 3-тен 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде мынадай ауруларды емдеу үшін қолданылады: - шырышты қабықтардың кандидозын (ауыз-жұтқыншақ кандидозын, өңеш кандидозын), - инвазиялық кандидозды, -криптококкты менингитті емдеу үшін және иммунитеті төмен пациенттерде кандидозды инфекциялар профилактикасы үшін. ФУЦИС® ДТ даму қаупі жоғары балаларда криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде қолданылуы мүмкін.   Терапия сеппе және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері белгілі болғанға дейін басталуы мүмкін; алайда, бұл нәтижелер қолжетімді болғаннан кейін инфекцияға қарсы емді тиісті түрде түзету қажет. Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- флуконазолға, флуконазол құрылымына ұқсас азольді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тәулігіне флуконазолдың 400 мг және одан да жоғары дозасын көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қолдану - цизапридпен, астемизолмен, эритромицинмен, пимозидпен және хинидинмен бір мезгілде қабылдау, өйткені олар QT аралығын ұзартады және P450 (CYP) 3A4 цитохромы арқылы метаболизденеді - сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы мәселесі, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер
Дозасы
Флуконазолдың тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның түріне және ауырлығына байланысты. Препаратты көп рет қолдану қажет болғанда инфекцияларды емдеуді зеңдік инфекциялар белсенділігінің клиникалық және зертханалық белгілері жойылғанша жалғастырған жөн. Емдеу ұзақтығының жеткіліксіздігі белсенді инфекциялық үдерістің қайта жаңғыруына әкеп соғуы мүмкін.  Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.