+211 бонус

ФУЦИС 200 мг №4 диспер. таб

4220 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 50 мг, 100 мг, 150 мг немесе 200 мг флуконазол, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН102, лактоза моногидраты, повидон К 30, тальк, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, натрий крахмалы гликоляты, изопропил спирті.
Қолданылуы
ФУЦИС® келесі зең инфекцияларында қолданылады: ФУЦИС® ересектерде мына ауруларды емдеу үшін қолданылады: - криптококктық менингит; - кокцидиоидомикоз; - инвазиялық кандидоз; - шырышты қабық кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және тері-шырыштың созылмалы кандидозы; - ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кезде ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін салуға байланысты); - қынап кандидозы, жедел немесе қайталанатын (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда); - кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда); - табан дерматофитиясын, кеуденің дерматофитиясын, шап дерматофитиясын, түрлі-түсті теміреткі және тері кандидозды инфекцияларын қоса, дерматомикоздар (жүйелі ем қолданылатын жағдайда); - тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа препараттармен ем қолдану мүмкін болмағанда). ФУЦИС® ересектерде мына аурулардың профилактикасы үшін қолданылады: - қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококктік менингиттің қайталануында; - қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталануында; - қынап кандидозы қайталанулары жиілігін азайту үшін (жылына 4 немесе одан астам көріністері); - ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде (мысалы, химиялық ем қабылдап жүрген қатерлі гематологиялық жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантациясын өткеріп жүрген пациенттерде) кандидоздық инфекциялар профилактикасы. ФУЦИС® 7-ден 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде мына ауруларды емдеу үшін қолданылады: - шырышты қабықтардың кандидозын емдеу үшін (жұтқыншақ кандидозын, өңеш кандидозын), -инвазиялық кандидозды, - иммунитеті төмендеген пациенттердегі криптококктық менингитте және кандидоздық инфекцияларда профилактика үшін. ФУЦИС® балаларда оның даму қаупі жоғары криптококктік менингиттің қайталануының алдын алу үшін демеуші ем ретінде қолданылуы мүмкін. Емді сеппенің немесе басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері белгілі болғанға дейін бастауға болады; алайда, осы нәтижелер қолжетімді бола салысымен, инфекцияға қарсы емді тиісінше түзету қажет. Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- флуконазолға, құрылымы флуконазолға ұқсас азольды заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан көбірек дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - цизапридпен, астемизолмен, эритромицинмен, пимозидпен және хинидинмен бір мезгілде қабылдау, өйткені олар QT аралығын ұзартады және P450 (CYP) 3A4 цитохромы арқылы метаболизденеді -тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге
Дозасы
Дозалану режимі Дозаны таңдау зең инфекциясының түріне және ауырлық дәрежесіне байланысты жүзеге асырылады. Көп реттік дозаны қолдануды қажет ететін инфекциялардың үш түрін емдеуді клиникалық көрсеткіштер немесе зертханалық тесттер белсенді зең инфекциясы тоқтатылғанын көрсеткенше жалғастыру керек. Емдеудің жеткіліксіз курсы белсенді инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін. Ересектерде Криптококкоз: Криптококкты менингиттің емі: бірінші күні қанықтыратын доза 400 мг, одан кейінгі доза - 200 - 400 мг тәулігіне бір рет 6-дан 8 аптаға дейін болады. Өмірге қауіпті инфекциялардың емі жағдайларында тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады. Қайталану қаупі жоғары криптококкты менингиті бар пациенттерде қайталануының алдын алу үшін демеуші емде: емдеуші дәрігер анықтаған уақыт ішінде 200 мг тәулігіне бір рет. Кокцидиоидомикоз: 200 - 400 мг тәулігіне бір рет, пациенттің жай-күйіне қарай 11 - 24 ай немесе одан ұзағырақ. Кейбір инфекциялар үшін, әсіресе ми қабығы зақымдануы болғанда, тәулігіне 800 мг доза қарастырылуы үмкін. Инвазиялық кандидоз: бірінші күні қанықтыратын доза 800 мг, одан кейінгі доза - 400 мг тәулігіне бір рет болады. Кандидемия емінің ұзақтығы бойынша жалпы ұсыныстар – пациент қанында кандидемия болуының бірінші теріс нәтижесі алынғаннан кейін және кандидемия белгілері мен симптомдарының толық жойылуынан кейін 2 апта. Шырышты қабықтардың кандидозының емі: Орофарингеальді кандидоз: бірінші күні қанықтыратын доза 200–400 мг, одан кейінгі доза - 100 - 200 мг 7 – 21 күн бойы тәулігіне бір рет болады (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жеткенше). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде емді ұзағырақ уақыт қолдануға болады. Өңештің кандидозы: бірінші күні қанықтыратын доза 200–400 мг, одан кейінгі доза - 100 - 200 мг 14 - 30 күн бойы тәулігіне бір рет болады (өңеш кандидозы ремиссиясына жеткенше). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде емді ұзағырақ уақыт қолдануға болады. Кандидурия: 200–400 мг 7 - 21 күн бойы тәулігіне бір рет. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде емді ұзағырақ уақыт қолдануға болады. Созылмалы атрофиялық кандидоз: 50 мг 14 күн бойы тәулігіне бір рет Созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы: 50–100 мг 28 күнге дейін тәулігіне бір рет. Инфекцияның ауырлығы дәрежесіне немесе иммундық функцияның қатарлас бұзылуына және инфекцияға байланысты терапияның ұзақ кезеңдерін қолдануға болады Қайталану қаупі жоғары болатын АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде шырышты қабықтың кандидозының қайталануының профилактикасы Орофарингеальді кандидоз: 100–200 мг тәулігіне бір рет немесе 200 мг аптасына 3 рет созылмалы иммуносупрессиясы бар пациенттердегі емдеуші дәрігер анықтаған уақыт ішінде. Өңештің кандидозы: 100–200 мг тәулігіне бір рет немесе 200 мг аптасына 3 рет созылмалы иммуносупрессиясы бар пациенттердегі емдеуші дәрігер анықтаған уақыт ішінде.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.