+100 бонус

ФТОРОКОРТ 0,1% 15 г мазь

2000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Триамцинолон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 сықпа препараттың ішінде: белсенді зат - 0,015 г триамцинолон ацетониді бар қосымша заттар - метилпарагидроксибензоат, стеарин қышқылы, полисорбат 60, цетил спирті, сұйық парафин, глицерин (85%), тазартылған су.
Қолданылуы
Кортикостероидтарға сезімтал тері ауруларын жергілікті емдеуде (экзема, тұрпайы псориаз, аллергиялық дерматит).
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші заттарға және кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық. Препараттың көзге және көз аумағына жанасуынан аулақ болу керек. Қатарлас тиісінше бактерияға қарсы емі болмаған терінің зеңдік немесе бактериялық инфекциялары. Туберкулездік және терінің көбіне вирустық зақымданулары, әсіресе қарапайым герпесте және желшешекте. Терінің паразиттерінен туындаған (мысалы, қотыр) инфекциялары. Аяқтағы ойық жараны, беттегі қызғылт безеулерді, акне, периоральді дерматитте немесе жаялық дерматитінде, терінің құрғақ қабыршықтануын емдеу үшін. Жүктіліктің бірінші триместрі және бала емізу кезеңі 1 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер: жақпамайдың жұқа қабаты терінің зақымдалған бөлігіне күніне екі немесе үш рет (күніне ең көп дегенде 15 г жақпамай) немесе окклюзиялық таңғышқа (күніне ең көп дегенде 10 г жақпамай) жағылады. Балалар: Фторокортты 1 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдануға болмайды. Бір жастан асқан балалар үшін жақпамайдың жағымсыз әсерлерін азайту үшін зақымдалған аумаққа күніне ең көп дегенде екі рет қолданылуы мүмкін. Емдеу 5 күннен аспайтын уақыт болуы мүмкін. Окклюзиялық таңғышқа жағу ұсынылмайды. Егде жастағы тұлғалар: кортикостероидтарды сақтықпен және қысқа уақыт кезеңінде қолданған жөн, себебі егде адамдардың терісі табиғи жұқара бастайды. Енгізу әдісі және жолы Тек сыртқа қолдану үшін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Жақпамайды 2 немесе қажет болса күніне 3 рет қолданған жөн. Емдеудің ұзақтығы Кортикостероидтар сирек және қысқа уақыт ішінде қолданылуы тиіс. Балаларда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Симптомдары: қандай да бір артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар болмаса да, артық дозалануы ағзаға түскен стероидтардың мөлшеріне байланысты жергілікті және жүйелік әсерлерді тудыруы мүмкін. Емі: артық дозаланған жағдайда емдеуді кенеттен тоқтатуға болмайды; емді біртіндеп тоқтату керек. Бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі дамыған жағдайда гидрокортизонды вена ішіне енгізу қажет болуы мүмкін. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезінде қажетті шаралар Препараттың өткізіп алған дозасын өтеу үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз. Егер сіз Фторокортты қолдануды ұмытсаңыз немесе өткізіп алсаңыз, оны зақымданған жерге мүмкіндігінше тезірек жағыңыз. Дегенмен, егер келесі жоспарланған қолдану үшін уақыт келгенде, емді ұйғарылған режимге сәйкес жалғастырыңыз. Осылайша сіз өткізіп алған қолдануды өтейсіз, сонымен қатар, артық дозаламайсыз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жағымсыз әсерлердің даму жиілігі туралы деректер жоқ, сондықтан олардың жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес). Стероидтармен жергілікті емдеу жергілікті жағымсыз реакциялардың дамуымен ықтимал байланыста. Сондай-ақ, тері арқылы өтетін стероидтардың мөлшеріне байланысты жүйелік әсерлері болуы мүмкін. Инфекциялық және паразиттік аурулар: инфекция, бүркемеленген инфекциялар, оппортунистік инфекциялар. Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: аса жоғары сезімталдық реакциялары. Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар: бүйрек үсті безі қыртысының салдарлы жеткіліксіздігі (бүйрек үсті безі қыртысының функциясы бәсеңдеуі). Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипокалиемиялық алкалоз, сұйықтықтың іркілуі, гипокалиемия, натрий іркілуі. Психиканың бұзылуы: ұйқысыздық, психикалық бұзылыстар. Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: құрысу, бас айналу, бас ауруы, бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауы. Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: катаракта, субкапсулярлы катаракта, экзофтальм, глаукома, папиллярлы ісіну, ойық жаралы кератит, хореоретинопатия, анық көрмеу. Жүрек тарапынан бұзылулар: жүрек жеткіліксіздігі. Қан тамырлары тарапынан бұзылулар: артериялық гипертензия. Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: асқазаннан қан кету, асқазан-ішек қан кетуі, асқазан-ішек тесілуі, эзофагит, панкреатит, ойық жара ауруы. Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: дерматит, терінің күйдіруін сезіну, жағу орнында фолликулит, безеу дерматиті, жанаспалы дерматит, құрғақ, жұқа тері, эритема, гирсутизм, гипергидроз, баздану, қышыну, терінің атрофиясы, терінің гипопигментациясы, терінің тітіркенуі, терідегі стрийлер, телеангиоэктазия. Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: стероидты миопатия, остеонекроз, остеопороз. Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен бұзылулар: жаралардың жазылуының баяулауы. Зертханалық және аспаптық деректер: көзішілік қысымның жоғарылауы, теріс азотты теңгерім, терінің теріс тесті. Балалар Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: педиатриялық пациенттерде катарактаның пайда болу ықтималдығы жоғары. Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тін тарапынан бұзылулар: бой өсуінің тежелуі. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.