+201 бонус

ФРОМИЛИД 500 мг №14 таб

4020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кларитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - кларитромицин 250 мг немесе 500 мг, қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза 101, микрокристалды целлюлоза 102, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, желатинделген крахмал, калий полакрилині, тальк, магний стеараты, үлбірлі қабығы: гипромеллоза 6 cps, тальк, темірдің сары тотығы (Е172), пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет. Фромилид® ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге көрсетілген. Кларитромицинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеу. Мұрын-жұтқыншақ инфекциясы (тонзиллит, фарингит), мұрын маңындағы қойнаулар. Төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы: бронхит, бактериялық пневмония және атипті пневмония. Тері инфекциялары: импетиго, тілме қабынуы, фолликулит, фурункулез және инфекция жұқтырған жаралар. Фромилид® үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг таблеткалар: Сезімтал микробтардан туындаған жедел және созылмалы одонтостоматологиялық инфекциялар. Фромилид® үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар: Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туындатқан оқшауланған немесе диссеминацияланған микобактериялық инфекциялар. Mycobacterium chelonae, fortuitum немесе kansasii туындатқан оқшауланған инфекциялар. Асқазанның қышқылдығы төмендеген кезде кларитромицин Helicobacter pylori эрадикациясы үшін көрсетілген, бұл ойық жаралы аурудың қайталануының одан әрі төмендеуіне әкеледі.
Қарсы көрсетілімдер
макролидтер тобынан антибиотиктерге және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бір мезгілде қабылдау: - астемизолмен, цизапридпен, домперидонмен, пимозидпен, терфенадинмен (қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса алғанда, QT аралығының және жүрек аритмиясының ұзару қаупіне байланысты) - тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен - ломитапидпен - эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен (қастауыш алкалоидтары уыттылығының артуына байланысты) кларитромицин мен мидазоламды бір мезгілде пероральді қабылдауға болмайды torsades de pointes түріндегі қарыншалық тахикардияны қоса, анамнезінде QT ұзартылған аралық синдромының немесе қарыншалық жүрек аритмиясының болуы кларитромицинді электролиттік бұзылулары (QT аралығының ұзару қаупіне байланысты гипокалиемиясы немесе гипомагнемиясы) бар пациенттерде қолдануға болмайды бүйрек жеткіліксіздігімен бірге бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - Кларитромицинді қарқынды метаболизмге ұшырайтын ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде қолданбаған жөн. CYP3A4 (ловастатин немесе симвастатин) рабдомиолизді қоса, миопатияның жоғары қаупіне байланысты - CYP3A4 басқа күшті тежегіштері сияқты, кларитромицинді колхицин қабылдайтын пациенттерге қолданбаған жөн. Пероральді қолдану үшін кларитромицин мен мидазоламды бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз) 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге ұсынылатын кларитромицин дозасы әр 12 сағат сайын 1 таблетканы құрайды. Ауыр инфекциялар жағдайында дозаны әр 12 сағат сайын 500 мг-ге дейін арттыруға болады. Емдеу ұзақтығы 6-14 күнді қажет ететін ауруханадан тыс пневмония мен синуситті емдеуді қоспағанда, 5-14 күнді құрайды. Микобактериялық инфекциясы бар ересек пациенттерде ұсынылатын доза күніне екі рет 500 мг құрайды. ЖИТС бар пациенттерде Mycobacterium avium диссеминацияланған инфекцияларын емдеу кезінде клиникалық немесе микробиологиялық нәтижелерге дейін және клиникалық бағалаудан кейін емдеуді жалғастыру ұсынылады. Кларитромицинді басқа бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктіріп қолдану керек. Одонтостоматологиялық инфекциялар кезінде ұсынылатын доза 5 күн бойы әр 12 сағат сайын 250 мг құрайды. Helicobacter pylori эрадикациясы кезінде дозалау сызбасы: Үштік ем 14 күн бойы күніне бір рет 20 мг омепразолмен және күніне екі рет 1000 мг амоксициллинмен біріктіріп күніне екі рет 500 мг кларитромицинмен. 14 күн бойы күніне екі рет 30 мг лансопразолмен және күніне екі рет 1000 мг амоксициллинмен біріктіріп күніне екі рет 500 мг кларитромицин. Кларитромицин сондай-ақ келесі емдік сызбада пайдаланылды: - кларитромицин + тинидазол және омепразол немесе лансопразол - кларитромицин + метронидазол және омепразол немесе лансопразол - кларитромицин + тетрациклин, висмут субсалицилаты және ранитидин - кларитромицин + амоксициллин және лансопразол - кларитромицин + ранитидин висмут цитраты Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі 30 мл/мин-ден кем бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кларитромицин дозасын күніне бір рет 250 мг немесе ауыр инфекциялар жағдайында күніне екі рет 250 мг дейін екі есе азайту керек. Мұндай пациенттерде қабылдауды 14 күннен артық жалғастырмаған жөн. 12 жасқа дейінгі балаларға қабықпен қапталған Фромилид® таблеткаларын қолдану ұсынылмайды. Мұндай жағдайларда пероральді суспензияны дайындауға арналған түйіршіктерді пайдалану керек. Кардиоуытты қауіп Кардиоуытты қаупі туралы "Қолдануға болмайтын жағдайлар", "Арнайы сақтандырулар" және "Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы" бөлімдерін қараңыз. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды сындырмау керек. Таблеткаларды тұтастай, азырақ мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, жұтады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.