+1252 бонус

ФРАКСИПАРИН р-р д/инъекций 3800 МЕ анти-Ха/0.4мл №10 шпр

25050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Надропарин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Аспен Нотр Дам де Бондевиль
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 0,3 мл бір шприцтің ішінде белсенді зат – 2850 ХБ анти-Ха кальций надропарині 0,4 мл бір шприцтің ішінде белсенді зат – 3800 ХБ анти-Ха кальций надропарині 0,6 мл бір шприцтің ішінде белсенді зат – 5700 ХБ анти-Ха кальций надропарині 0,8 мл бір шприцтің ішінде белсенді зат – 7600 ХБ анти-Ха кальций надропарині қосымша заттар: кальций гидроксидінің ерітіндісі немесе сұйылтылған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су,
Қолданылуы
тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу, оның ішінде: орташа немесе жоғары дәрежелі қауіп жағдайларындағы пациенттерде хирургиялық араласулар жүргізу кезінде; жедел ауруы бар пациенттерде (мысалы, жүректің жедел жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, ауыр инфекциялар немесе ревматизмдік аурулар) және қозғалыс мүмкіндігі шектеулі, жоғары дәрежедегі қауіп тобында гемодиализ кезінде экстракорпоралдық қанайналым желілерінде қанның коагуляциясының алдын алу (егер сеанс кемінде ≤ 4 сағатқа созылса) анықталған терең веналар тромбозын және тромбоэмболияны емдеу; тұрақсыз стенокардияны және жедел фазада Q тісшесінсіз миокард инфарктісін аспиринмен біріктірілімде емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
– надропаринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық – фракцияланбаған гепарин немесе төмен молекулалы гепарин туындатқан анамнездегі ауыр гепарин-индукцияланған тромбоцитопения (немесе ГИТ) немесе надропаринмен емдеу кезіндегі тромбоцитопенияның кез келген басқа тарихы – гемостаз бұзылыстарымен байланысты қан кету көріністері немесе бейімділік (диссеминацияланған тамырішілік ұю, егер ол гепаринмен емдеумен байланысты болмаса, осы ережеден ерекшелік болуы мүмкін) – қан кету үрдісімен органикалық зақымдану (мысалы, белсенді ойықжара ауруы) – геморрагиялық инсульт – гемодиализ кезіндегі көрсетілімдерден басқа, бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігімен (Кокрофт формуласына сәйкес <30 мл/мин креатинин клиренсімен анықталатын), терең веналар тромбозын, тромбоэмболиялық бұзылуларды, тұрақсыз стенокардияны және Q тісшесінсіз миокард инфарктісін емдеу кезінде қолданылатын терапиялық дозаларда, деректер болмаған кезде – сонымен қатар, ешқандай жағдайда ТМГ көмегімен терапиялық емдеу кезінде эпидуральды анестезияны немесе жұлын анестезиясын жүргізуге болмайды – көп дозалы дәрілік түрлердің құрамында бензил спирті бар, сондықтан оларды 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды – жедел инфекциялық эндокардит (жүректің кейбір эмболиялық ақауларынан басқа). Терапиялық дозаларда бұл препарат келесі жағдайларда ҰСЫНЫЛМАЙДЫ: – сананың бұзылуымен немесе онсыз жедел фазаға өтетін ишемиялық инсульт. Шығу тегі эмболиялық инсульт кезінде 72 сағат күту керек. Алайда, ми инфарктісінің себебіне, дәрежесіне және клиникалық ауырлығына қарамастан, емдік дозаларда ТМГ тиімділігінің дәлелі әлі алынған жоқ; Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерге надропаринді қолдану әдетте ұсынылмайды. Алайда, егер мұндай жағдайларда оны қолдану қажет деп саналса, төмендегілер ұсынылады: - егер емдеуші дәрігер бүйрек функциясының жеңілден орташа ауырлық дәрежесіне дейінгі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі >30 және <50 мл/мин) пациенттерде қан кету қаупінің жеке факторларын және тромбоэмболиялық асқынуларды ескере отырып, дозаны төмендетуді орынды деп санаса, дозаны 25-33% - ға азайту керек. Бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≥50 мл/мин көп немесе тең) бар пациенттерде дозаны азайту талап етілмейді. Бұдан басқа, Фраксипаринді жасына қарамастан барлық пациенттерде емдік дозаларда келесілермен бірге қолдану ҰСЫНЫЛМАЙДЫ: – ауырсынуды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы дозалардағы ацетилсалицил қышқылымен – ҚҚСП жүйелі қолданған кезде – декстранмен 40 (парентеральді енгізген кезде). Надропаринді профилактикалық дозаларда келесі жағдайларда қолдану ҰСЫНЫЛМАЙДЫ: - бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігінде (Кокрофт формуласы бойынша креатинин клиренсі шамамен 30 мл/мин). Алайда, егер препаратты қолдану белгілі бір жағдайда қажет деп саналса және емдеуші дәрігер қан кету қаупінің жеке факторларын және тромбоэмболиялық асқынуларды ескере отырып, дозаны төмендетуді орынды деп санаса, дозаны 25-33% - ға төмендету керек. - ми ішіне қан құйылудан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде. Сонымен қатар, профилактикалық дозаларда Фраксипаринді 65 жастан асқан пациенттерге келесілермен үйлесімде тағайындау ҰСЫНЫЛМАЙДЫ: – ацетилсалицил қышқылымен ауырсынуды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы дозаларда, – жүйелі қолданған кезде ҚҚСП-мен, – декстранмен 40 (парентеральді)
Дозасы
Дозалану режимі Хирургияда веналық тромбоэмболиялық асқынуларды профилактикалық емдеу Бұл ұсынымдар, әдетте, жалпы наркозбен жүргізілетін хирургиялық емшараларға қолданылады. Жұлын және эпидуральды анестезия әдістерін пайдаланған жағдайда, жұлын гематомасының даму қаупінің теориялық жоғары болуы себебінен препаратпен операция алдындағы инъекцияның орындылығын мұқият бағалау керек. Жұлын анестезиясына, эпидуральды анестезияға немесе жұлын пункциясына дейін немесе одан кейін надропаринмен инъекция уақытына қатысты ерекше ұсынымдарды сақтау қажет. Енгізу жиілігі Күніне 1 инъекция. Доза пациент жағдайының сипаттамаларына және операция типіне байланысты қауіптің жеке деңгейіне негізделе отырып есептеледі. Тромб түзілудің орташа қаупі бар жағдай Орташа тромбогендік қаупі бар операциялар жағдайында және егер пациенттерде тромбоэмболияның даму қаупі жоғары болмаса, тромбоэмболияның тиімді профилактикасына күн сайын 2850 анти-Ха ХБ (0,3 мл) дозасын енгізу арқылы қол жеткізіледі. Зерттелген емдеу сызбасы операциядан 2 сағат бұрын жүргізілген алғашқы инъекцияны қамтиды. Тромб түзілудің жоғары қаупі бар жағдай Жамбас пен тізе буынына жасалатын хирургиялық операциялар: надропариннің дозасы пациенттің салмағына қарай есептеледі, бұл ретте күн сайын енгізіледі: - 38 анти-Ха ХБ/кг операциядан 12 сағат бұрын, операциядан кейінгі кезеңде – операция аяқталғаннан кейін 12 сағаттан соң, содан кейін күн сайын операциядан кейінгі 3 күнге дейін, қоса алғанда - операциядан кейінгі кезеңнің 4-күнінен бастап 57 анти-Ха ХБ/кг. 1-кестеде пациенттердің салмағына байланысты енгізу керек дозалар берілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.