+104 бонус

ФОЗИНОПРИЛ 10 мг №28 таб Вива фарм

2090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фозиноприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Вива Фарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - натрий фозиноприлі 10 мг немесе 20 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, повидон және натрий стеарилфумараты.
Қолданылуы
артериялық гипертензия созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілімдер
фозиноприлге, кез келген қосымша затқа немесе АӨФ басқа тежегіштеріне жоғары сезімталдық алдыңғы АӨФ тежегішімен емдеуге байланысты ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну қант диабеті бар пациенттерде немесе бүйрек жеткіліксіздігі орташа немесе ауыр (ШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде фозиноприлді құрамында алискирен бар препараттармен біріктірілімде қолдану тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар бүйрек артериясының стенозы (жалғыз бүйрегі бар пациенттерде екі жақты немесе бір жақты) сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қабылдау, фозиноприлмен емдеуді сакубитрилдің/валсартанның соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағаттан ерте бастамау керек жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балалар
Дозасы
Ішке қабылдау үшін. Ас қабылдауға қарамастан, күнделікті белгілі бір уақытта қабылдау керек. Таблеткаларды бөлуге болмайды. Препарат дозасы жекелей таңдалуы тиіс. Гипертензия Фозиноприл Вива Фармды монотерапия ретінде немесе басқа гипертензияға қарсы препараттармен біріктіріп қолдануға болады. Диуретик қабылдамаған артериялық гипертензиясы бар пациенттер: Препараттың ұсынылған бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Дозаны дәрігердің бақылауымен артериялық қысымның төмендеу динамикасына байланысты таңдау қажет. Әдеттегі тәуліктік доза күніне бір рет 10-нан 40 мг-ға дейін. 3-4 апта бойы белгілі бір деңгейдегі дозамен емдеуден кейін оң емдік әсер болмаған кезде дозаны қосымша ұлғайтуға болады. Диуретик қабылдаған артериялық гипертензиясы бар пациенттер: Егер Фозиноприл Вива Фарм препаратымен емдеуді диуретикпен емдеу аясында бастаса, онда бастапқы доза дәрігердің мұқият бақылауымен 10 мг аспауы тиіс. Гипотензияның туындау ықтималдығын азайту үшін Фозиноприл Вива Фарм препаратымен емді бастағанға дейін 2-3 күн бұрын диуретиктерді тоқтату керек. Жүрек жеткіліксіздігі Ұсынылған бастапқы доза дәрігердің бақылауымен күніне бір рет 10 мг құрайды. Емдік тиімділігіне байланысты дозасын бір апталық аралықпен, күніне бір реттік ең жоғарғы 40 мг дозасына дейін арттыруға болады. Диуретикті және қажет болса жүрек гликозидтерін қосымша тағайындауға болады. Жүрек жеткіліксіздігі ауыр (NYHA IV) пациенттерге және бірінші дозадан кейін гипотензияның ерекше қаупі бар пациенттерге, яғни бірнеше немесе жоғарғы дозаларда диуретик қабылдайтын пациенттерге, бұрыннан бар гипотензиямен, гиповолемиясы, гипонатриемиясы бар пациенттерге, тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге және тамыр кеңейтетін дәрілердің жоғарғы дозаларын алатын пациенттерге емді стационарда бастаған жөн. Бүйрек функциясы және қан сарысуындағы калий мөлшері бақылануы тиіс. Балалар Осы жас тобында пайдалану ұсынылмайды. Фозиноприлді 6 жастағы және одан асқан гипертензияға шалдыққан балаларда қолдану тәжірибесі туралы шектеулі клиникалық деректер бар. Оңтайлы доза кез-келген жастағы балаларда анықталған жоқ. Дене салмағы 50 кг-нан аз балаларға арналған дозалар бойынша ұсыныстар жоқ. Бүйрек функциясының бұзылуы Емді 10 мг дозадан, әсіресе егер шумақтық сүзіліс жылдамдығы 10 мл / мин төмен болса абайлап бастаған жөн. Бауыр функциясының бұзылуы Емді 10 мг дозадан абайлап бастаған жөн. Гидролиздің жылдамдығы баяулауы мүмкін болса да, фозиноприл гидролизінің дәрежесі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде аса төмендемейді. Пациенттердің бұл тобында бүйрек экскрециясының компенсаторлық ұлғаюымен фозиноприлдің бауыр клиренсі төмендеуі мүмкін. Егде пациенттер Бүйрек және бауыр функциясы клиникалық тұрғыдан қалыпты пациенттерге дозаны төмендету керек емес, өйткені фармакокинетикалық көрсеткіштерде немесе анағұрлым жас пациенттермен салыстырғанда егде адамдарда фозиноприлаттың гипертензияға қарсы әсерінде елеулі айырмашылықтар анықталмады. Алайда, бүйрек функциясы мен қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау керек, өйткені бүйрек функциясының нашарлауы және гиперкалиемия болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.