+395 бонус

ФОТИЛ ФОРТЕ 40мг+5мг/мл 5мл капли глаз

7900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пилокарпин в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Сантен АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 40 мг пилокарпин гидрохлориді; 6,84 мг тимолол малеаты (5 мг тимололға баламалы). қосымша заттар: бензалконий хлориді, лимон қышқылы моногидраты; натрий цитраты; гипромеллоза; инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Глаукома немесе көзішілік жоғары қысымда, тимололдың және пилокарпиннің біріктірілімі қажет болғанда: ашық бұрышты және жабық бұрышты глаукомада афакиялық глаукомада салдарлық глаукомада ауыр офтальмогипертензияда глаукоманың басқа емімен біріктіріп офтальмологиялық операциядан кейін көзішілік қысымның жоғарылауында Офтальмолог дәрігердің тағайындауымен ғана пайдалану ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді заттарға немесе 6.1 бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық аллергиялық ринит кардиостимулятордың жәрдемімен бақыланбайтын ІІ-ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада бронхиальді аса жоғары реактивтілік жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі 18 жасқа дейінгі балаларға (18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректердің жоқ болуымен байланысты) мөлдір қабықтың дистрофиялық аурулары кардиогенді шок папиллярлық блок әсерінен туындаған салдарлық глаукома/глаукоманың кейбір түрлері алдыңғы увеит бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін қоса, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары синустық түйін әлсіздігінің синдромы жүректің синоаурикулярлық блокадасы синустық брадикардия тікелей офтальмологиялық операциялардан кейінгі жағдай және миозды болдырмау қажет көздің басқа да аурулары өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары холинергиялық қосылыстарды (пилокарпин) нұрлы қабықтың жедел қабынуында қолдануға болмайды мөлдір қабықтың эрозиясы.
Дозасы
Әдеттегі дозасы – зақымданған көзге тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан. Кейбір пациенттерде Фотил® препаратының әсерінен көзішілік қысымның тұрақты төмендеуіне бірнеше аптадан кейін жетеді, сондықтан емдеуге баға беру емдеуді бастағаннан кейін шамамен 4 аптадан соң көзішілік қысымды өлшеуді қамтуы тиіс. Егер пациенттің көзішілік қысымы көзге тамызатын Фотил® дәрісімен емдегенде жоғары күйінде қалса, көзге тамызатын Фотил® форте дәрілерімен тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан емдеуді жалғастыру ұсынылады. Дозаны әрі қарай жоғарылату әдетте көзішілік қысымды енді төмендетпейді. Егер көзішілік қысым дәрілік заттың көрсетілген дозасын қолданғанда қанағаттанарлық деңгейде сақталмаса, дәрігер емдеу сызбасын қайта қарауы керек. Мұрын-көзжасы жолының окклюзиясын немесе қабақты 2 минутқа жабуды пайдаланған кезде дәрілік заттың сіңуі төмендейді. Нәтижесінде жүйелік жағымсыз реакциялардың даму қаупі азаяды, және жергілікті әсері күшейеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.