+137 бонус

ФОСФОМЕД порошок д/приг. р-ра дл/пр. вн. 3 гр №1

2740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фосфомицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір саше-пакет ішінде белсенді зат - фосфомицин трометамолы 5.631 г (3.0 г фосфомицинге баламалы) қосымша заттар: сахароза (ұсақталған), апельсин эссенциясы, мандарин эссенциясы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий сахарині.
Қолданылуы
Фосфомед препараты үшін қолданылады: - жасөспірімдер (12 жастан асқан) және ересек әйел пациенттерде жедел асқынбаған циститті емдеуде; - ересек еркек пациенттерде қуықасты безінің трансректальді биопсиясы кезінде периоперациялық кезеңдегі антибиотикопрофилактикада. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарда қамтылған ақпаратты назарға алу қажет.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Жасөспірімдерде (12 жастан асқан) және ересек әйел пациенттерде жедел асқынбаған циститті емдеу. 3,0 г фосфомицин бір рет. Ересек еркек пациенттерде қуықасты безінің трансректальді биопсиясы кезінде периоперациялық кезеңдегі антибиотикопрофилактикада Емшараны өткізер алдында 3 сағат бұрын 3,0 г фосфомицин және емшараны өткізгеннен кейін 24 сағат өткен соң 3,0 г фосфомицин. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балаларда дәрілік затты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі кемінде 10 мл/мин) пациенттерде Фосфомед препаратын пайдалану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты ішке қабылдайды. Жасөспірімдер мен ересек әйел пациенттерде жедел асқынбаған циститті емдеу кезінде препаратты ашқарынға (тамақ ішуден шамамен 2-3 сағат бұрын немесе 2-3 сағаттан кейін), ұйқы алдында және қуық босағаннан кейін қабылдаған жөн. Ұнтақты стақан суда сұйылту керек, алынған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.