+300 бонус

ФОРТРАНС №4 пак Комплекс

6000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Макрогол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Бофур Ипсен Индастри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір дозалық бір пакеттің ішінде белсенді заттар: макрогол 4000 64,0 г, калий хлориді 0,75 г, натрий хлориді 1,46 г, сусыз натрий сульфаты 5,70 г, натрий гидрокарбонаты 1,68 г. қосымша зат: натрий сахарині
Қолданылуы
Препарат тек 18 жастан асқан ересектерге арналған. - жуан ішекті эндоскопиялық немесе рентгенологиялық зерттеулерге даярлауда - жуан ішекті операциялық араласуға даярлауда
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ауыр жүрек жеткіліксіздігі - жалпы жағдайының ауыр бұзылуы, сусыздану секілді - прогрессивті карцинома немесе, шырышты қабықтың айтарлықтай зақымдалуымен бірге жүретін ішектің кез-келген басқа ауруы - Крон ауруы мен ойық жаралы колитті қоса, өткір фазадағы ішек жолдарының қабынуы - ас қорыту жолдарының тесілуі немесе тесілу қаупі - уытты колит немесе уытты мегаколон - ішек немесе асқазан-ішек өтімсіздігі туындауға бейім немесе бар пациенттерге - асқазан босауының бұзылуы (мысалы, гастропарез, гастростаз) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Болжамды дозасы дене салмағының 15 - 20 кг 1 литр ерітінді, ол орташа 3 - 4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Әр пакет 1 литр суда ерітіледі. Ұнтақ суда толық ерігенге дейін араластырыңыз. Препаратты қалпына келтірілген ерітіндінің толық дозасы (пациенттің дене салмағына байланысты орташа 3-тен 4 литрге дейін) қолданылған жағдайда бір реттік доза ретінде де, сондай-ақ бөліп дозалап та қолдануға болады. - Бөліп дозалау: 2 литр ерітіндіні емшараның алдындағы кеште қабылдау және емшара жасалатын күні ертеңгісін 1 немесе 2 литр. Фортранс® препаратын соңғы рет емшараға дейін 3-4 сағат бұрын қабылдау керек. Немесе 3 литр ерітіндіні емшараның алдындағы кеште және 1 литрді емшара жасалатын күні ертеңгісін қабылдау керек. Фортранс® препаратын соңғы рет емшараға дейін 3-4 сағат бұрын қабылдау керек. - Бір реттік дозалауда: 3-4 литр ерітіндіні емшараның алдындағы кеште қабылдау керек. Алғашқы екі литрді қабылдағаннан кейін 1 сағат үзіліс жасауға болады. Ұсынылған қабылдау темпі – 1 сағат ішінде 1-1.5 литр (яғни, әрбір 10-15 минут сайын шамамен 250 мл-ден). Дәрігер пациенттің клиникалық жағдайына және нақты қатар жүретін ауруларға сәйкес препаратты қабылдаудың ұсынылған жиілігін реттей алады. Енгізу әдісі және жолы Пероральді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.