+255 бонус

ФОРСАНЕК 90мг №28 таб

5100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эторикоксиб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – эторикоксиб, 60 мг, 90 мг, 120 мг, қосымша заттар: сусыз дикальций фосфаты (А-Tab), микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, сусыз, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабықтың құрамы: Опадрай (II) 31G58920 ақ**, тазартылған су **Қабықтың құрамы Опадрай (II) 31G58920 ақ: гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк.
Қолданылуы
Ересектерге және 16 жастан асқан жасөспірімдерге - остеоартритті, ревматоидтық артритті, шорбуынданатын спондилитті, жедел подагралық артритпен байланысты ауыру мен қабынуларды симптоматикалық емдеу үшін. - стоматологиялық операциялардан кейінгі орташа ауыруды қысқа мерзімдік емдеу үшін. ЦОГ-2 іріктелген тежегішін тағайындау туралы шешім әрбір нақты пациент үшін жалпы қауіптерді ескере отырып негізделуге тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық өршу сатысындағы пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектік жедел қан кету циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштерін қоса, ацетилсалицил қышқылы немесе ҚҚСП қолданғаннан кейін анамнезінде бронхтың түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялар дамыған пациенттер
Дозасы
Дозалану режимі Эторикоксибті қолданған кезде жүрек-қантамыр асқынуларының туындау қаупі дозаны арттырғанда және ұзақ қолданғанда жоғарылауы мүмкін болғандықтан, барынша қысқа уақыт кезеңінде тиімді ең төмен дозаларды пайдалану керек. Әсіресе остеоартриті бар пациенттерде симптомдарды жеңілдету қажеттілігіне және жүргізілген емге жауапқа мезгіл-мезгіл баға беруді қайталап отыру керек. Остеоартрит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны күніне бір рет 60 мг-ге дейін арттыру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Әсері жоқ болғанда басқа да ықтимал емдеу әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек. Ревматоидты артрит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсер жеткілікті болмаған кезде, дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті болады. Әсер болмаған кезде, емдеудің басқа ықтимал әдістері туралы мәселе қарастырған жөн. Шорбуынданатын спондилит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде жеткілікті әсері жоқ болғанда дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Науқастың жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті. Әсері болмағанда басқа да ықтимал емдеу әдістерін қарастыру керек. Жедел ауыру жай-күйі Эторикоксибті тек қатты ауыру симптомдары кезеңінде қолдану керек. Жедел подагралық артрит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Жедел подагралық артритті емдеу бойынша клиникалық зерттеулерде эторикоксиб 8 күн бойы тағайындалды. Хирургиялық стоматологияда операциядан кейінгі ауыру. Ұсынылатын доза еңкөбі 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Кейбір пациенттер үшін қажет болғанда ФОРСАНЕК® препаратына қосымша операциядан кейінгі ауыруды басу үшін басқа да әдістер қарастыру қажет болуы мүмкін. Әр көрсетілім үшін ұсынылғаннан жоғары дозалардың не қосымша тиімділігі жоқ, не болмаса зерттелмеген. Сондықтан: - ОА-да доза тәулігіне 60 мг-ден аспауға тиіс - РA-да және шорбуынданатын спондилитте доза тәулігіне 90 мг-ден аспауғатиіс - жедел подаграда доза тәулігіне 120 мг-ден аспауға тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 8 күн бойы жүргізіледі - стоматологиялық операциядан кейінгі қатты ауыру кезіндегі доза тәулігіне 90 мг-ден аспауғатиіс, ал емдеу ең көп дегенде 3 күн бойы жүргізіледі. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер. Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Басқа препараттарды қолданғандағыдай егде жастағы пациенттерде сақтық таныту керек. Бауыр функциясының бұзылуы. Ауырлығы жеңіл дәрежелі (Чайлд–Пью бойынша 5-6 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны тәулігіне бір рет 60 мг-ден асыруға болмайды. Ауырлығы орташа дәрежелі (Чайлд–Пью бойынша 7-9 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, көрсетіліміне қарамай, дозаны күніне бір рет 30 мг-ден асырмау керек. Препаратты қолданудың, атап айтқанда, бауыр функциясы ауырлығы орташа бұзылуы бар пациенттерде клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан сақтық таныту ұсынылады. Бауыр функциясы ауыр түрде бұзылған (Чайлд–Пью шкаласы бойынша ≥10 балл) пациенттерде препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты мұндай пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы. Креатинин клиренсі минутына ≥30 мл пациенттерде препарат дозасын түзетудің қажеттілігі жоқ. Креатинин клиренсі <30 мл/мин пациенттерде эторикоксибты қолдануға болмайды. Балалар. Эторикоксибті 16 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Препаратты тамақ ішуге қарамай, ішке қабылдай беруге болады. Егер препаратты тамақ ішудің алдында қабылдаса, әсері тез басталады, мұны симптомдарды тезірек бәсеңдету қажет болғанда ескеру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.