+116 бонус

ФОРЛАКС для детей 4 г №20 пак

2335 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Макрогол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: IPSEN Consumer HealthCare
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакеттің құрамында әсер етуші зат: макрогол. Ұнтақтың әр пакетінде 4 г макрогол 4000 (полиэтиленгликоль 4000) бар. қосымша заттар: Натрий сахаринаты (E954), апельсин-грейпфрут хош иістендіргіші* * апельсин эфир майы, грейпфрут эфир майы, концентрацияланған апельсин шырыны, цитраль, ацетальдегид, линалол, этилбутират, альфа-терпинеол, октаналь, бета-гамма- гексенол, мальтодекстрин, қараған шайыры, сорбитол (Е420), бутилгидроксианизол (Е320), күкірттің қостотығы (Е220).
Қолданылуы
Форлакс® препараты 6 айдан 8 жасқа дейінгі балалардағы іш қатуды симптоматикалық емдеу үшін қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- егер Сіздің балаңызда әсер етуші зат макроголға (полиэтиленгликоль) немесе препараттың кез келген басқа қосымша заттарына (қосымша парақтың 6-бөлімінде көрсетілген) аллергия (аса жоғары сезімталдық) болса. - егер Сіздің балаңызда ішектің ауыр қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) немесе ішектің қалыптан тыс кеңеюі (уытты мегаколон) болса; - егер Сіздің балаңызда асқазан-ішек жолдарының тесілуі немесе тесілу қаупі болса; - егер Сіздің балаңызда ішектің болжалды немесе белгілі толық немесе ішінара бітелісі (илеус) немесе симптоматикалық стеноз туралы күдік болса немесе белгілі болса; - егер Сіздің балаңызда іштің шығу тегі белгісіз ауыруы болса; Егер жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгені болса, препаратты балаға бермеңіз. Егер күмәндансаңыз, препаратты бермес бұрын емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Дозасы
Әдетте ұсынылатын доза сіздің балаңыздың жасына байланысты өзгереді. • 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар: күніне 1 пакет (4 г). • 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар: күніне 1 – 2 пакет (4 – 8 г). • 4-тен 8 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 – 4 пакет (8 – 16 г). Енгізу әдісі мен жолы Препарат ішке қабылдауға арналған. Препарат ерітіндісін дайындау Бір пакеттің ішіндегісін балаға ішуге рұқсат бермес бұрын кем дегенде 50 мл суда еріту керек. Егер 1 пакет жеткілікті болса, оны балаңызға таңертең беріңіз. Егер 1 пакеттен артық қажет болса, препаратты балаға таңертең және кешке беріңіз. 1 жастан асқан балаларда тәуліктік доза әсеріне қарай таңдалуы тиіс. Форлакс® әдетте 24-48 сағат ішінде әсер етеді. Емнің ұзақтығы Балалардағы Форлакс® препаратымен емдеу ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс. Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, емдеуші дәрігерге жүгініңіз. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Қолдану тәсілі туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.