+115 бонус

ФОРЦИП 3 мг/мл 5 мл гл. и уш. капли

2300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: БОЛГАРИЯ
  • Өндіруші: БАЛКАНФАРМА-РАЗГРАД АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - ципрофлоксацин гидрохлориді (ципрофлоксацинге баламалы) 15.0 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий ацетаты тригидраты, сірке қышқылы 1 М ерітінді, маннитол, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Препарат ципрофлоксациннің әсеріне сезімтал патогендерден туындаған көздің мөлдір қабығының ойық жараларын және көздің және оның қосалқыларының беткейлік бактериялық инфекцияларын емдеуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
ципрофлоксацинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық хинолондарға жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер, балалар және жасөспірімдер, егде жастағы адамдар Көздің мөлдір қабығының ойық жаралары Форцип тамшыларын төменде көрсетілген уақыт аралығы сайын, тіпті түнгі уақытта да қолдану керек. 1-ші тәулікте: алғашқы 6 сағат ішінде 15 минут сайын ауырған көздің/көздердің конъюнктивалық қалтасына 2 тамшыдан, содан кейін тәулік ішінде - күннің соңына дейін әр 30 минут сайын 2 тамшыдан; 2-ші тәулікте: бір сағат сайын ауырған көздің/көздердің конъюнктивалық қалтасына 2 тамшыдан. 3-тен 14-ші тәулікке дейін: әр 4 сағат сайын ауырған көздің/көздердің конъюнктивалық қалтасына 2 тамшыдан. Қажет болса, емдеуді 14 күннен артық жалғастыру керек, емдеуші дәрігер дозалау режимін және емдеу ұзақтығын анықтауы тиіс. Көздің және оның қосалқыларының беткейлік инфекциялары Әдеттегі доза күніне 4 рет зақымдалған көздің/көздердің конъюнктивалық қалтасына 1-2 тамшыны құрайды. Алғашқы екі тәулік ішінде ауыр инфекциялар кезінде науқастың көзінің/көздерінің конъюнктивалық қалтасына күндіз әр 2 сағат сайын 1-2 тамшы тамызады, содан кейін әдеттегі дозаға көшеді (күніне 4 рет 1-2 тамшы). Әдеттегі емдеу ұзақтығы 7-14 күнді құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты қолданар алдында және одан кейін қолыңызды жуыңыз. 1 немесе 2 тамшыдан ерітіндіні зақымдалған көздің/көздердің конъюнктивалық қалтасына тамызады. Тамшылатқыш пен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін құтының ұшы қабаққа немесе қоршаған тіндерге тимеуі тиіс. Емдеу ұзақтығы Кез-келген қолдану көрсеткіштері бойынша ең жоғары емдеу ұзақтығы-21 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.