ФОЛИКА 5 мг №30 таб

2220 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фолиевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – фолий қышқылы гидраты, 5 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы.
Қолданылуы
- фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластты анемия - макроциттік гиперхромды анемия - пострезекциялық анемия - егде жаста байқалатын сидеробластты анемия - дәрілік заттар және иондаушы радиация туындатқан анемия және лейкопения - асқазан-ішек жолы ауруларымен (спру, мальабсорбция синдромы, персистирлеуші диарея, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольдік циррозы) байланысты анемия - жүктілердің анемиясы - шарананың жүйке түтігі ақауларының (анэнцефалия, гидроцефалия, ми жарығы, «қасқыр таңдай», «қоян жырық») дамуының, көпұрықты жүктіліктің, жүктілікті аяғына дейін көтере алмаудың профилактикасында - лактация кезеңіндегі анемияның профилактикасы - никотинге, алкогольге немесе дәрілерге тәуелділік аясындағы анемия - фолий қышқылын антагонистермен (метотрексат, сульфаметаксазол – триметоприм біріктірілімі), құрысуға қарсы препараттармен (фенитоин, примидон, фенобарбитал) ұзақ уақыт емдеу - полиневриттер және полинейропатиялар, оның ішінде алкогольді этиологиядағы - фолий қышқылы тапшылығымен байқалатын үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтану.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға. - пернициоздық анемия - қатерлі жаңа түзілімдер - кобаламин тапшылығы - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге: Фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластты анемияны емдеу үшін: тәулігіне 5 мг-ден 4 ай бойы, профилактикасы үшін - тәулігіне 2,5 мг-ден. Емдеу курсы 20-30 күн. Бір айдан соң емдеу курсын қайталау керек. Препаратты ұзақ қолдану В12 дәрумені препаратымен  (цианокобаламин) біріктіру ұсынылады. - мальабсорбцияда, ішектің қабыну ауруларында және үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтану жағдайында макроциттік анемияның профилактикасы және емдеу үшін тәулігіне 15 мг-ден, спру ауруы бар пациенттерге – тәулігіне 5-15 мг-ден; - шаранада жүйке түтігінің даму ақаулары профилактикасы үшін: болжамды жүктілікке дейін тәулігіне 5 мг және қабылдауды жүктіліктің I триместрі ішінде дәрігердің тағайындауымен жекелей жалғастыру - созылмалы гемолиздік жағдайларда немесе бүйрек диализінде профилактика үшін: негізгі ауруға байланысты 1-7 күн сайын 5 мг - үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтануға байланысты фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы үшін тәулігіне 2,5 - 5  мг-ден. Жоғарырақ демеуші дозалар алкоголизмнен зардап шегетін, сонымен қатар созылмалы инфекциялары бар және құрысуға қарсы препараттар қабылдайтын пациенттерге тағайындалуы мүмкін Балаларға: - 12 жастан бастап  тәулігіне ½ таблеткадан (2,5 мг). Енгізу әдісі мен жолы Таблеткалар ішке қолданылады

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.