ФОЛИЕВАЯ КИСЛОТА 1 мг №50 МБФ

9:00-ден кейін қолжетімді
320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фолиевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РОССИЯ
  • Өндіруші: Марбиофарм ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - фолий қышқылы 1 мг, қосымша заттар: сахароза (қант), декстроза моногидраты (глюкоза моногидраты), стеарин қышқылы, тальк.
Қолданылуы
фолий тапшылығы анемиясын емдеуде фолий қышқылы гипо- және авитаминозын, оның ішінде тропикалық және тропикалық емес спру толыққанды тамақтанбау
Қарсы көрсетілімдер
препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық В12 – тапшылықты анемия сахараза/изомальтаза тапшылығы фруктоза жақпаушылығы глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Фолий тапшылығы анемиясында: ересектерге бастапқы доза – 1 мг/тәулік (1 таб). Үлкен дозаларды қолданғанда резистенттілік туындауы мүмкін. Фолий қышқылының гипо - және авитаминозында (авитаминоздың ауырлығына қарай) ересектер үшін – 5 мг/тәулікке дейін (5 таб). Қатар жүретін алкоголизмде, гемолитикалық анемияда, созылмалы инфекциялық ауруларда, гастроэктомиядан кейін, мальабсорбция синдромында, бауыр жеткіліксіздігінде, бауыр циррозында, стрессте препарат дозасы 5 мг/тәулікке (5 таб) дейін жоғарылауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы 20 – 30 күнді құрайды. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар Фолий қышқылының 4-5 мг дейінгі дозасы жақсы көтерімді. Жоғарылау дозалары орталық жүйке жүйесі және асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар туындатуы мүмкін: жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі, метеоризм, сондай-ақ түнгі ұйқының бұзылыстары. Емі: көп жағдайларда артық дозаланудың симптомдары және салдары жеңіл жойылады. Қажет болғанда пациенттер плазма алмастыратын ерітінділерді вена ішіне құюды қабылдайды, бұл сұйықтық теңгерімін қалпына келтіреді немесе жағымсыз әсерлерді емдеу үшін дәрілік препараттарды қабылдайды, қажет болғанда фолий қышқылының дозасын төмендетеді. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар Қалған дәрілік препарат пен қалдықтарды жергілікті талаптарға сәйкес кәдеге жарату керек. Тоқтату симптомдары қатерінің болуын көрсету Фолий қышқылы препаратын емдеуші дәрігермен алдын ала кеңес алмай қабылдауды тоқтатпаңыз! Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Егер сізде дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаса, кеңес алу үшін медицина қызметкеріне немесе емдеуші дәрігерге хабарласыңыз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиіс шаралар Жиілігі белгісіз аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, терінің қышынуы, бронх түйілуі, эритема, гипертермия диспепсиялық құбылыстар, іштің ауыруы ұйқысыздық, құрысу дайындығының артуы Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.