+85 бонус

ФОЛАЦИН 5 мг №30 таб

1710 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фолиевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Ядран Галенский Лабораторий АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – фолий қышқылы, 5.0 мг, қосымша заттар: лудипресс (лактоза моногидраты, повидон, кросповидон), микрокристаллдық целлюлоза, магний стеараты.
Қолданылуы
Фолий қышқылы ересектерде қолдануға арналған Емдеу үшін: - жеткіліксіз немесе теңгерімсіз тамақтанудың, мальабсорбция синдромының (глютенді энтеропатия немесе целиакия) салдарынан фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластикалық анемияда, фолий қышқылына жоғары қажеттілікте (мысалы, жүктілік кезеңінде) Профилактикалау үшін: - дәрілік заттарды (фенитоин, фенобарбитал, примидон) қабылдаудан немесе фолаттарды (метотрексат) ұзақ уақыт қолданудан туындаған фолий қышқылының тапшылығында - созылмалы гемолитикалық жай-күйдегі немесе гемодиализдегі фолий қышқылының тапшылығы - жүктілікті жоспарлаған және қауіп тобына жататын әйелдерде шарананың жүйке түтігі ақауларының дамуы (алдыңғы жүктілік кезінде шаранада жүйке түтігінің ақауы, эпилепсияға қарсы кейбір препараттарды қолдану).
Қарсы көрсетілімдер
- фолий қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - фолий қышқылы В12 дәруменімен бір мезгілде енгізілмесе, диагноз қойылмаған мегалобластикалық анемия (мысалы, балаларда, пернициоздық анемия немесе этиологиясы белгісіз макроциттік анемия жағдайында) - фолий қышқылының тапшылығы салдарынан мегалобластикалық анемиямен байланысты асқынулар жағдайларын қоспағанда, қатерлі жаңа түзілімдер - галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер (егде жастағы пациенттерді қоса) Фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластикалық анемияны емдеу үшін 4 ай бойы күн сайын 5 мг (1 таблетка) қолдану ұсынылады; мальабсорбция кезінде күн сайын 15 мг (3 таблетка) дейін қажет болуы мүмкін. Дәрілік заттарды қабылдаудан туындаған фолий қышқылы тапшылығын профилактикалау үшін: 4 ай бойы күн сайын 5 мг (1 таблетка); мальабсорбция кезінде күн сайын 15 мг (3 таблетка) дейін қажет болуы мүмкін. Созылмалы гемолитикалық жағдайларда немесе гемодиализ кезінде фолий қышқылы тапшылығын профилактикалау үшін: негізгі ауруға және тамақтануға байланысты әрбір 1-7 күн сайын 5 мг (1 таблетка). Жүктілікті жоспарлайтын және қауіп тобына жататын әйелдерде шарананың жүйке түтігі ақауларының дамуын профилактикалау үшін: 5 мг (1 таблетка) күн сайын жүкті болғанға дейін (жоспарланған жүктілікке дейін 3 ай бұрын) және жүктіліктің бірінші триместрінде қабылдауды жалғастыру. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Балалар Препаратты осы популяцияда қолдану туралы деректердің шектеулігіне және дозалауға қатысты ұсыныстардың болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге Фолацинді® тағайындауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.