+228 бонус

ФОБОС 200 мг №7 капс

4560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РЕСПУБЛИКА СЕВЕРНАЯ МАКЕДОНИЯ
  • Өндіруші: РЕПЛЕК ФАРМ Лтд. Скопье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - флуконазол 50 мг, 150 мг және 200 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, қабық: желатин, патенттелген көк V (E131), хинолинді сары (E104), темірдің (III) қызыл тотығы (E172), титанның қостотығы (E171), темірдің (III) сары тотығы (E172) (50 мг доза үшін), қабық: желатин, титанның қостотығы (E171) (150 мг доза үшін), қабық: желатин, титанның қостотығы (E171) (200 мг доза үшін).
Қолданылуы
Фобос ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген: - криптококкты менингит - кокцидиоидомикоз - инвазиялық кандидоз - шырышты қабықтың кандидозы, соның ішінде ауыз-жұтқыншақ кандидозы, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты кандидоз - ауыз қуысы гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланумен байланысты) - қынаптық кандидоз, жедел немесе қайталанатын (жергілікті ем мақсатқа сай келмесе) - кандидоз баланиті (жергілікті емді қолдану мүмкін болмағанда) - дерматомикоздар, соның ішінде табанның дерматофитиясы, беттің, дененің немесе аяқ-қолдың тегіс терісінің дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелік ем көрсетілген кезде) - тырнақтың дерматофитиясы (онихомикоз), басқа препараттармен емдеу қолайсыз болған кезде. Фобос ересектердегі профилактикаға арналған: - қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы - АИТВ жұқтырған және қайталанудың дамуы бойынша жоғары қауіп тобындағы пациенттерде ауыз-жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы - қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан көп көріністер) - ұзақ нейтропениясы бар пациенттерде кандидоздық инфекциялардың профилактикасы үшін (мысалы, қанның қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде, химиотерапия немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантацияланатын пациенттерге).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе флуконазолға ұқсас құрылымы бар азольді заттарға, препарат компонеттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық; - Фобос препаратының тәуліктік дозасы 400 мг және одан жоғары дозасын бірнеше рет қолданған кезде терфенадинмен бір мезгілде қабылдау - QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты CYP3A4 Р450 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау; - тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; - жүктілік кезеңі; - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Фобос препараты тек ересектерде қолданылады. Дозаны таңдағанда зеңдік инфекцияның түрі мен ауырлығы ескеріледі. Көп реттік дозаларды қабылдауды талап ететін инфекцияларды емдеуді жай-күйі және/немесе зеңдік инфекцияның белсенділігін айқындайтын зертханалық зерттеулер көрсеткіштері жақсарғанға дейін жалғастыру керек. Емдеу ұзақтығының жеткіліксіздігі аурудың қайталануына әкелуі мүмкін. Криптококкты менингит: емдеуді 1-ші күні 400 мг жүктеме дозасынан бастайды, келесі күндері күніне 200-400 мг қабылдайды. Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады. Әдеттегі емдеу ұзақтығы 6-8 аптаны құрайды. Криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем тағайындалады: тәуліктік доза - күніне 200 мг. Күніне 200 мг препарат дозасын ұзақ қабылдау көрсетілуі мүмкін. Кокцидиоидомикоз (өкпені зақымдайтын немесе қан арқылы таралатын зеңдік ауру): тәуліктік дозасы күніне 200 - 400 мг. Емдеу ұзақтығы 11-24 ай және одан да көп (пациенттің жағдайына байланысты). Кейбір инфекцияларда, әсіресе менингитте күніне 800 мг дейінгі дозалар қолданылуы мүмкін. Инвазивті кандидоз (күрделі, ауыр, ішкі ағзаларға таралатын және өлімге әкелуі ықтимал зеңдік инфекция): 1-ші күні жүктеме дозасы 800 мг, келесі күндері күніне 400 мг құрайды. Егер қанда зеңдер табылса, емдеудің ұсынылатын ұзақтығы - қан сеппесінің алғашқы теріс нәтижесінен. Егер қанда зеңдер анықталса, емдеудің ұсынылатын ұзақтығы - 2 апта, қан сеппесінің алғашқы теріс нәтижесіне кейін және аурудың белгілері мен симптомдары жоғалуына дейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.