ФЛУТЕЛ-Ф 27,5 мкг/доза, 120 доз, спрей назальный

4420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флутиказона фуроат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 дозаның құрамында белсенді зат - флутиказон фуроаты (микрондалған) 27.5 мкг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий кроскармеллозасы, сусыз глюкоза, фенилэтил спирті, динатрий эдетаты, полисорбат 80, бензалконий хлориді, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларда аллергиялық ринит симптомдарын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
-Белсенді затқа немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
12 жастағы және одан асқан ересектер мен жасөспірімдер Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет әрбір танауға 2 рет бүркуді (бір бүркуде 27,5 мкг флутиказон фуроаты) құрайды (жалпы тәуліктік доза 110 мкг құрайды). Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші дозаны қолдануға болады - әрбір танауға 1 рет бүрку (жалпы тәуліктік доза 55 мкг құрайды). Емдік әсерге қол жеткізу үшін жеткілікті ең аз дозаны қолдану керек. 6-11 жастағы балалар Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет әрбір танауға 1 рет бүркуді (бір бүркуде 27,5 мкг флутиказон фуроаты) құрайды (жалпы тәуліктік доза 55 мкг құрайды). Қалаған әсер болмаған жағдайда дозаны әрбір танауға тәулігіне 1 рет 2 рет бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік доза 110 мкг құрайды). Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін дозаны әрбір танауға тәулігіне 1 рет бір бүркуге дейін төмендету ұсынылады (жалпы тәуліктік доза 55 мкг құрайды). Толық емдік әсерге қол жеткізу үшін препаратты тұрақты түрде қолдану керек. Әсер ете бастауы бірінші қолданғаннан кейін 8 сағаттан соң байқалады, бірақ ең жоғары нәтижеге жету үшін бірнеше күн қажет болуы мүмкін. Пациентке үнемі тұрақты қолданған кезде симптомдардың жеңілдеуінің байқалатыны туралы хабарлау керек. Емдеу ұзақтығы аллергеннің әсер ету кезеңімен шектелуі керек. 6 жасқа дейінгі балалар 6 жасқа дейінгі балаларда флутиказон фуроатын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.