+103 бонус

ФЛУНОЛ 150 мг №1 капс

2060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат – флуконазол 150.00 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), жүгері крахмалы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты; Капсула қабығының құрамы: капсула корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин, капсуланың қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), желатин.
Қолданылуы
Флунол® препаратын қолдану төменде көрсетілген зең инфекцияларында көрсетілген. Флуконазол ересектерде келесі ауруларды емдеуге арналған: криптококкты менингит; кокцидиоидомикоз; инвазивті кандидоз; шырышты қабықтың кандидозы, соның ішінде орофарингеальды кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және тері мен шырышты қабықтың созылмалы кандидозы; ауыз қуысы гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кезде ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін киюге байланысты). жедел немесе қайталанған қынаптық кандидоз; жергілікті емдеу жарамсыз болғанда; кандидоздық баланит, жергілікті емдеу жарамсыз болғанда; дерматомикоздар, соның ішінде табан, аяқ, дене микоздары, түрлі-түсті теміреткі мен терінің кандидозы, жүйелі ем қолдану көрсетілген кезде; тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) басқа препараттармен емдеу қолайсыз болған кезде. Флуконазол ересектерде келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілген: қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы; қайталану қаупі жоғары АИТВ-инфекцияланған пациенттерде орофарингеальды кандидоздың және өңеш кандидозының қайталануы; қынаптық кандидоздың қайталануы жиілігінің (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар) төмендеуі; ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде кандидоз инфекцияларының профилактикасы үшін (химиотерапиядан өтіп жатқан гемобластозы бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялайтын пациенттер. Флунол препаратын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдану. Флуконазол шырышты қабықтың кандидозын (орофарингеальды кандидоз бен өңеш кандидозын), инвазивті кандидозды, криптококкты менингитті емдеу және иммундық жүйесі әлсіреген пациенттерде кандидоз инфекцияларының профилактикасы үшін қолданылады. Флуконазолды қайталану қаупі жоғары балаларда криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде қолдануға болады. Емдеуді өсірінді әдісі және басқа зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелері белгілі болғанға дейін бастауға болады. Алайда, осы нәтижелер белгілі болғаннан кейін, зеңге қарсы емдеуге тиісті түзетуді енгізу керек. Зеңге қарсы препараттарды тиісті түрде қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
флуконазолға немесе азольды заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан көбірек дозада ұзақ қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау QT аралығын ұзартатын немесе CYP3A4 ферменті қатысуымен метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид, амиодарон, хинин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау лактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Флуконазол дозасы зең инфекциясының сипаты мен ауырлығына байланысты. Зеңге қарсы препаратты қайта қабылдауды қажет ететін инфекциялар кезінде емдеуді белсенді зең инфекциясының клиникалық немесе зертханалық белгілері жойылғанға дейін жалғастыру керек. Емдеудің жеткіліксіз ұзақтығы зең инфекциясының қайталануына әкелуі мүмкін. Ересек пациенттер:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.