+16 бонус

ФЛУКОНАЗОЛ-ТК 150 мг №1 капс

320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ФармАктобе ТК ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат –флуконазол, 150 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, төмен молекулярлы медициналық поливинилпирролидон, кальций стеараты. капсула қабығының құрамы: корпусы: титанның қостотығы (Е 171), қызыл қанқызыл (Е 124), желатин. қақпағы: темірдің қара тотығы (Е 172), желатин.
Қолданылуы
Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай ауруларды емдеуге қолданылады: жедел немесе қайталанған қынаптық кандидозды (жергілікті ем қолданылмайтын кезде); кандидоздық баланитті (жергілікті ем қолданылмайтын кезде); Ем өсірінділік зерттеу және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін басталуы мүмкін, бірақ осы нәтижелер алынғаннан кейін зеңге қарсы ем тиісті түрде түзетілуі керек. Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - флуконазол тәулігіне 400 мг және одан көп дозаларда бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - QT аралығын ұзартатын және Р450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектерде қолдану Бір реттік доза 150 мг Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясы бұзылуының белгілері жоқ болса, препаратты әдеттегі дозасында тағайындайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Флуконазол өзгермеген әсер етуші зат түрінде негізінен несеппен бірге шығады. Бір рет қабылдағанда дозасын өзгерту қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Флуконазол препаратын бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі, сондықтан мұндай пациенттерде бұл препаратты сақтықпен қолдану керек Енгізу әдісі мен жолы Флуконазол-ТК ішке қабылдау арқылы, ашпай және шайнамай, тамақ ішуге байланыссыз қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.