+40 бонус

ФЛУКОНАЗОЛ-ТК 100 мг №10 капс

800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТК Фарм Актобе ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат –100 мг флуконазол қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, төмен молекулярлы медициналық поливинилпирролидон, кальций стеараты. капсула қабығының құрамы: корпусы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (Е 172), желатин. қақпағы: титанның қостотығы (Е 171), желатин;
Қолданылуы
Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай ауруларды емдеуге қолданылады: криптококкты менингитті; кокцидиоидомикозды; инвазивті кандидозды; шырышты қабықтардың кандидозын, соның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы; ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғандағы ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозын (тіс протезін қолданумен байланысты); жедел немесе қайталанған қынаптық кандидозды (жергілікті ем қолданылмайтын кезде); кандидоздық баланитті (жергілікті ем қолданылмайтын кезде); дерматомикоздарды, оның ішінде табан дерматофитиясын, түрлі-түсті теміреткіні және терінің кандидоздық инфекцияларын (жүйелі емдеу көрсетілген кезде); тырнақ дерматофитиясын (онихомикозды) (басқа препараттармен емдеуге болмайтын кезде). Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай аурулардың профилактикасына қолданылады: - қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары; - олардың қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекция жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары; - қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін азайту (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар); - ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі (химиялық емнен өтетін гемобластоздары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидоздық инфекциялар профилактикасы;
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - флуконазол тәулігіне 400 мг және одан көп дозаларда бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - QT аралығын ұзартатын және Р450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін, мысалы, цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, эритромицин сияқты дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдау - галактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар науқастар - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектерде қолдану Криптококкоз: Криптококктық менингитті емдеу: қаныққан доза бірінші күні 400 мг, кейінгі доза – 6-дан 8 аптаға дейін тәулігіне 200 - 400 мг құрайды. Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларды емдеген жағдайда тәуліктік дозаны 800 мг-ге дейін арттыруға болады. Қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококктық менингит қайталануының алдын алуға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойы тәулігіне 200 мг. Кокцидиоидомикоз: 11 - 24 ай бойы немесе одан ұзақтау тәулігіне 200 - 400 мг, пациенттің жай-күйіне байланысты. Кейбір, әсіресе ми қабыршағының зақымдалуымен инфекцияларда тәулігіне 800 мг доза қарастырылуы мүмкін. Инвазивтік кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 800 мг, кейінгі доза – тәулігіне 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығы бойынша жалпы нұсқаулар – пациент қанында кандидемияның болуына алғашқы теріс нәтижені алғаннан кейін және кандидемия симптомдары толық жоғалған соң 2 апта. Шырышты қабық кандидозын емдеу: Орофарингеальді кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 200 - 400 мг құрайды, кейінгі доза – 7-21 күн бойы тәулігіне 100 - 200 мг (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жеткенге дейін). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде барынша ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады. Өңеш кандидозы: қаныққан доза бірінші күні - 200 - 400 мг, кейінгі доза 14-30 күн бойы тәулігіне - 100 - 200 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенге дейін). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде барынша ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады. Кандидурия: 7 - 21 күн бойы тәулігіне 200 - 400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде барынша ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады. Созылмалы тері - шырышты кандидоз: ұзақтығы 28 күнге дейін тәулігіне 50-100 мг. Инфекцияның ауырлығына немесе иммундық функцияның және инфекцияның қатар бұзылуына байланысты ұзағырақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады. Созылмалы атрофильді кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне 50 мг Қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекция жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозы қайталануының алдын алу Орофарингеальді кандидоз: тәулігіне 100 - 200 мг немесе созылмалы иммунитеті төмен пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде аптасына 3 рет 200 мг. Өңеш кандидозы: тәулігіне 100 - 200 мг немесе созылмалы иммунитеті төмен пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде аптасына 3 рет 200 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.