ФЛУКОНАЗОЛ-ТЕВА 150 мг №1 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
2500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Воркс Приват Лимитед Компани
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында: белсенді зат 50,00 мг немесе 150,00 мг флуконазол; қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты. Желатин капсула: корпус, қақпақ: титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк FCF бояғышы (Е133), желатин.
Қолданылуы
Флуконазол-Тева келесі зеңдік инфекциялар кезінде көрсетілген. Флуконазол-Тева ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген: криптококкты менингит кокцидиоидомикоз инвазиялық кандидоз шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері- шырышты қабық кандидозы ауыз қуысының гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты) жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса) кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса) дерматомикоздар, оның ішінде, табан дерматофитиясы, тұтас дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелік емдеу көрсетілгенде) тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеу қолайсыз болса) Флуконазол-Тева ересектердегі келесі аурулар профилактикасында көрсетілген: қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталануы қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан көп көрініс) нейтропения ұзаққа созылатын пациенттерде (мысалы, химиялық ем алып жүрген гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидозды инфекциялар профилактикасы. Емді өсірінділік зерттеу және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда, осы нәтижелер алынған соң зеңге қарсы емдеуді тиісті үлгіде түзету керек. Зеңге қарсы дәрілерді талапқа сай пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтар ескерілу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, тектес азол қосылыстарына немесе «Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - препаратты көп рет қолдану кезіндегі дәрі аралық өзара әрекеттесу зерттеуінің нәтижелеріне сай, тәулігіне 400 мг немесе одан жоғары дозада Флуконазол-Теваны көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты P-450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау - Флуконазол-Тева капсуласының құрамында лактоза бар болғандықтан, галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын кінәраттары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер - 18 жасқа дейінгі балалар (капсула қабығының құрамында балаларда қолдануға тыйым салынған бояғыш бар)
Дозасы
Дозаны таңдаy зеңді инфекцияның типіне және ауырлық дәрежесіне қарай жүзеге асады. Көп реттік дозалар қолдануды талап ететін инфекциялардың түрлерін емдеуді клиникалық көрсеткіштер немесе зертханалық тестілер белсенді зең инфекциясынан айығу айғақталатын сәтке дейін жалғастырған жөн. Емдеу курсының жеткіліксіз болуы белсенді инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін. Ересектерде қолдану Криптококкоз: 1. Криптококкты менингитті емдеу: қанықтыратын доза бірінші күні 400 мг, кейінгі доза тәулігіне бір рет 6-дан 8 аптаға дейін 200-400 мг құрайды. Өмірге қатерлі инфекцияларды емдеу жағдайларында тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады. 2. Қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңінің ішінде тәулігіне бір рет 200 мг. Кокцидиоидомикоз: пациенттің жай-күйіне қарай 11-24 ай немесе одан ұзақ уақыт бойы тәулігіне бір рет 200-400 мг. Кейбір, әсіресе, ми қабықтарының зақымдануымен болатын инфекциялар үшін тәулігіне 800  мг дозасын қарастыруға болады. Инвазиялық кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 800 мг, кейінгі доза тәулігіне бір рет 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығы бойынша жалпы нұсқау – пациент қанында кандидемия болмауының бірінші теріс нәтижесін алудан кейін және кандидемия белгілері мен симптомдары толық жоғалған соң 2 апта. Шырышты қабықтар кандидозын емдеу: 1. Орофарингеальді кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 200-400 мг, кейінгі доза тәулігіне бір рет 7-21 күн бойы 100-200 мг (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жетуге дейін) құрайды. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. 2. Өңеш кандидозы: қанықтыратын доза бірінші күні 200-400 мг, кейінгі доза 14-30 күн бойы тәулігіне бір рет 100-200 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жетуге дейін) құрайды. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. 3. Кандидурия: 7-21 күн бойы тәулігіне бір рет 200-400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. 4. Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг. 5. Созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы: 28 күнге дейін тәулігіне бір рет 50-100 мг. Инфекцияның ауырлық дәрежесіне немесе иммундық функцияның және инфекцияның қатарлас бұзылуына қарай ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. Қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталану профилактикасы 1. Орофарингеальді кандидоз: созылмалы иммунитет төмендеуі бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде тәулігіне бір рет 100-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг. 2. Өңеш кандидозы: созылмалы иммунитет төмендеуі бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде тәулігіне бір рет 100- 200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.