+17 бонус

ФЛУКОНАЗОЛ 150 мг №1 таб

340 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Технолог ЧАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: флуконазол – 50 мг, 100 мг немесе 150 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты; қабықтың құрамы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллю- лоза), титанның қостотығы (Е 171), тальк, полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), полисорбат 80.
Қолданылуы
Флуконазолды қолдану төменде келтірілген зең инфекцияларында көрсетілген. Флуконазол ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін қолданылады: криптококкты менингит («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз) кокцидиоидомикоз («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз) инвазиялық кандидоз шырышты қабықтардың кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, тері мен шырышты қабықтардың кандидуриясы мен созылмалы кандидозы ауыз қуысы гигиенасының немесе жергілікті емнің тиімділігі жеткіліксіз болғанда ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында (тіс протездерін тағуға байланысты) жергілікті ем қолайсыз болғанда жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидоз жергілікті ем қолайсыз болғанда кандидозды баланит дерматомикоздар, оның ішінде табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары, қажет болған жағдайда жүйелі ем жүргізу tinea unguium (онихомикоз), басқа препараттармен емдеу қолайсыз болғанда Флуконазол ересектердегі келесі аурулардың профилактикасы үшін қолданылады: қайталану қаупі жоғары пациенттердегі криптококкты менингиттің қайталануы қайталану қаупі жоғары АИТВ-жұқтырған пациенттердегі орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталануы қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан да көп көріністер) ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде кандидоз инфекцияларының профилактикасы үшін (мысалы, химиотерапия алып жатқан гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде). Флуконазол мерзімі жетіп туылған нәрестелерді, емшек еметін, кішкентай, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ 0 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді емдеуге арналған. Флуконазол шырышты қабық кандидозын (орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозы), инвазиялық кандидозды, криптококкты менингитті емдеу және иммундық жүйесі әлсіреген пациенттерде кандидоз инфекцияларының профилактикасына арналған. Флуконазолды қайталану қаупі жоғары балаларда криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау мақсатында демеуші ем ретінде қолдануға болады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Емді өсірінділер және басқа зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелері белгілі болғанға дейін бастауға болады. Алайда, осы нәтижелерді алғаннан кейін емге тиісті түзету енгізу керек. Бұл препаратты қолданған кезде зеңге қарсы дәрілік заттарды дұрыс қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды басшылыққа алу қажет.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа, химиялық құрылымы бойынша оған жақын азолды заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Препараттарды көп рет қабылдаумен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу деректері бойынша флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинмен бір мезгілде қолдануға болмайды. Флуконазол қабылдайтын пациенттерге QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, мен эритромицин сияқты Р450 цитохромның CYP3A4 изоферменті арқылы метаболизденетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындауға қарсы көрсетілімді («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).
Дозасы
Флуконазолдың дозасы зең инфекциясының табиғатына және ауырлығына байланысты. Зеңге қарсы препаратты қайта қабылдауды талап ететін инфекциялар кезінде емдеуді белсенді зең инфекциясының клиникалық немесе зертханалық белгілері жойылғанға дейін жалғастыру керек. Емнің жеткіліксіз ұзақтығы аурудың қайталануына әкелуі мүмкін. Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.