+158 бонус

ФЛУКАП 6 мг/мл 13 г №1 флакон

3160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Осельтамивир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: HETERO LABS LIMITED
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Әр сұйылтылған құтының ішінде: белсенді зат - 6 мг осельтамивир (7,882 мг осельтамивир фосфатына баламалы); қосымша заттар: сорбитол (NeoSorb P 300DC), натрий сахаринаты, сусыз натрий цитраты, дегидратацияланған этанол, ксантан шайыры (Xantural® 75), натрий бензоаты (Emprove® Exp), титанның қостотығы (Kronos 1171), тутти-фрутти дәмдік қоспасы (PS – 77919- 31).
Қолданылуы
Тұмауды емдеу Флукап препараты тұмаудың өршуі кезінде тұмау сипаттас симптомдар байқалатын мерзіміне жетіп туған нәрестелерді қоса, ересектер мен балаларды емдеу үшін көрсетілген. Егер емдеу симптомдар пайда болған сәттен бастап алғашқы екі күн ішінде басталса, препараттың емдік әсерін қамтамасыз ететіні дәлелденді. Тұмау профилактикасы Жергілікті тұрғындар арасында айналымда жүрген тұмау вирусы болғанда, клиникалық тұрғыда тұмау анықталған жағдайлармен қатынастан кейінгі пациенттерде өмірінің 1 жасынан бастап жанасудан кейінгі профилактика. Флукапты тұмау профилактикасында мақсатты қолдану жағдаяттар мен қорғаныс қажет болатын тұрғылықты халыққа байланысты әр нақты жағдайда белгілену керек. Айрықша жағдайларда (мысалы, айналымдағы вирус штаммдары мен вирусқа қарсы вакцина, сондай- ақ пандемиялық оқиға сәйкес келмеген жағдайда) бір жасқа толған және одан үлкен пациенттерде маусымдық профилактика қарастырылу керек. Флукап тұмау пандемиясының өршуі кезінде жаңа туған нәрестелерде өмірінің 1 жасына дейін тұмаудың жанасудан кейінгі профилактикасында көрсетілген. Флукап тұмауға қарсы вакцинацияны алмастыра алмайды. Тұмауды емдеу және профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми нұсқаулар негізінде белгіленуі тиіс. Емдеу және профилактика үшін осельтамивир пайдалануға қатысты шешім айналымдағы тұмау вирустарына сипатты ерекшеліктер туралы деректерді, жылдың әр маусымына тән тұмауға қарсы препараттарға сезімталдық үлгілері туралы қолда бар ақпаратты және әртүрлі географиялық аумақтардағы және пациенттер топтарындағы аурудың әсерін ескере отырып, қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Флукап, 6 мг/мл ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ және Флувир, 30 мг, 45 мг, 75 мг капсулалары биобаламалы дәрілік препараттар болып табылады. Капсуланы жұтуға қабілетті ересектер немесе балалар (> 40 кг) капсулалардағы осельтамивирдің тиісті дозаларын қабылдай алады. Суспензия дайындау жөніндегі нұсқау: Қолданар алдында суспензия дайындап алыңыз. Ұнтағы бар құтыны сілкіңіз. Сұйылту үшін құтыға 55 мл су (қайнаған салқындаған) қосыңыз. Жабық құтыны 15 секундтай сілкіңіз. Емдеу Емдеуді тұмау симптомдары бірінші білінген соң алғашқы екі тәулікте мүмкіндігінше тезірек бастау керек. Жасөспірімдер (13-тен 17 жасқа дейін) және ересектер үшін Ұсынылатын пероральді доза – 5 күн (немесе иммунитеті әлсіреген пациенттер үшін 10 күн) бойы күніне екі рет 75 мг осельтамивир. Балалар жасындағы пациенттер Бір жастан бастап немесе одан үлкен балалар Ұсынылатын доза төмендегі кестеде көрсетілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.