+43 бонус

ФЛУКАНОЗОЛ-САНТО 150 мг №1 таб

860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Фармацевтический завод Польфарма
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – 150,0 мг флуконазол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты. Капсула қабығының құрамы: Қақпақша: желатин, титанның қостотығы (Е 171). Корпус: желатин, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
Флуконазол Santo препараты келесі зеңді инфекциялар кезінде көрсетілген. Флуконазол Santo препараты ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген: криптококкты менингит кокцидиоидомикоз инвазиялық кандидоз шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері- шырышты қабық кандидозы ауыз қуысының гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты) жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса) кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса) дерматомикоздар, оның ішінде, табан дерматофитиясы, тұтас дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелік емдеу көрсетілгенде) тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеу қолайсыз болса) Флуконазол Santo препараты ересектердегі келесі аурулар профилактикасында көрсетілген: қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан көп көрініс) нейтропения ұзаққа созылатын пациенттерде (мысалы, химиялық ем алып жүрген гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жасалған пациенттерде) кандидозды инфекциялар профилактикасы. Емді өсірінділік зерттеулер және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда, осы нәтижелер алынған соң зеңге қарсы емдеуді тиісті үлгіде түзету керек. Зеңге қарсы дәрілерді талапқа сай пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтар ескерілу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, тектес азол қосылыстарына немесе «Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - препаратты көп рет қолдану кезіндегі дәрі аралық өзара әрекеттесу зерттеуінің нәтижелеріне сай, тәулігіне 400 мг немесе одан жоғары Флуконазол Santo препаратын көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау - цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты P-450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін және QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау - Флуконазол Santo препараты капсуласының құрамында лактоза болғандықтан, галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын кінәраттары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Дозаны таңдаy зеңді инфекцияның типіне және ауырлық дәрежесіне қарай жүзеге асады. Көп реттік дозалар қолдануды талап ететін инфекциялардың түрлерін емдеуді клиникалық көрсетілімдер немесе зертханалық тестілер белсенді зең инфекциясынан айығу айғақталатын сәтке дейін жалғастырған жөн. Емдеу курсының жеткіліксіз болуы белсенді инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін. Ересектерде қолдану Криптококкоз: 1. Криптококк менингитін емдеу: қанықтыратын доза бірінші күні 400 мг, кейінгі доза тәулігіне бір рет 6-дан 8 аптаға дейін 200-400 мг құрайды. Өмірге қатерлі инфекцияларды емдеу жағдайларда тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады. 2. Қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококк менингитінің қайталануларын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңінің ішінде тәулігіне бір рет 200 мг. Кокцидиоидомикоз: пациенттің жай-күйіне қарай 11-24 ай немесе одан ұзақ уақыт бойы тәулігіне бір рет 200-400 мг. Кейбір, әсіресе, ми қабықтарының зақымдануымен болатын инфекциялар үшін тәулігіне 800  мг дозасын қарастыруға болады. Инвазиялық кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 800 мг, кейінгі доза тәулігіне бір рет 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығы бойынша жалпы нұсқау – пациент қанында кандидемия болмауының бірінші теріс нәтижесін алудан кейін және кандидемия белгілері мен симптомдары толық жоғалған соң 2 апта. Шырышты қабықтар кандидозын емдеу: 1. Орофарингеальді кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 200-400 мг, кейінгі доза тәулігіне бір рет 7-21 күн бойы 100-200 мг (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жетуге дейін) құрайды. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. 2. Өңеш кандидозы: қанықтыратын доза бірінші күні 200-400 мг, кейінгі доза 14-30 күн бойы тәулігіне бір рет 100- 200 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жетуге дейін) құрайды. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. 3. Кандидурия: 7-21 күн бойы тәулігіне бір рет 200-400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. 4. Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг. 5. Созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы: 28 күнге  дейін тәулігіне бір рет 50-100 мг. Инфекцияның ауырлық дәрежесіне немесе иммундық функция мен инфекцияның қатар бұзылуына қарай ұзағырақ ем кезеңдерін пайдалануға болады. Қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталану профилактикасы 1. Орофарингеальді кандидоз: иммунитеттің созылмалы төмендеуі бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде тәулігіне бір рет 100-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг. 2. Өңеш кандидозы: иммунитеттің созылмалы төмендеуі бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде тәулігіне бір рет 100- 200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.