+430 бонус

ФЛУИМУЦИЛ-АНТИБИОТИК ИТ 500 мг №3 фл

8600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тиамфеникол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Замбон С. П. А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
белсенді зат: 810 мг тиамфеникол глицинатының ацетилцистеинаты (500 мг тиамфениколға баламалы), Қосымша зат: динатрий эдетаты. Еріткіш: инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған және мукостазбен қатар жүретін респираторлық бактериялық инфекцияны емдеу үшін. Жергілікті қолдану: - жедел және созылмалы бронхит, бронхопневмония және ұзаққа созылған пневмония, обструктивті эмфизема, бронхоэктазды ауру - торакальді хирургиялық араласулардан кейінгі (бронхопневмония, ателектаз) бронхөкпе асқынуларының профилактикасы және емдеу - кавернозды ошақты дренаждауды жақсарту үшін өкпе туберкулезі кезінде респираторлық инфекцияның спецификалық емес түрлері - экссудативті ортаңғы отит, синусит, ринофарингит, фаринготрахеит - трахеостомиядан кейінгі обструктивті және инфекциялық асқынулардың профилактикасы мен емдеу, бронхоскопияға, бронхографияға, бронхоаспирацияға дайындау Жүйелі қолдану: - дәрігер біріктірілген микробқа қарсы және муколитикалық ем ұсынған бронхөкпе ауруларының жоғарыда аталған барлық жағдайларында.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі сүйек кемігі функциясының жеткіліксіздігі - анурия
Дозасы
Жергілікті қолдану Ингаляциялық: ересектерге - 250 мг-ден (2 мл ерітінді) тәулігіне 1-2 рет, балаларға - 125 мг-ден (1 мл ерітінді) (500 мг құрғақ затты 4 мл инъекцияға арналған суда ерітеді). Инстилляция: Препаратты эндотрахеальді түрде ересектерге және балаларға бронхоскоп, интубациялық түтік, трахеостома арқылы енгізеді - 1-2 мл ерітіндіден (500 мг құрғақ затты 4 мл инъекцияға арналған суда ерітеді). Ересектерге және балаларға мұрын маңындағы қойнауларға енгізу үшін, сондай-ақ мұрын және емізік тәрізді өскін аумағындағы хирургиялық араласулардан кейін қойнауларын шаю үшін - 1-2 мл ерітіндіден (500 мг құрғақ затты 4 мл инъекцияға арналған суда ерітеді). Мұрын-жұтқыншақ және құлақ ауруларында әрбір мұрын жолына немесе сыртқы есту жолына 2-4 тамшыдан тамызады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.