+155 бонус

ФЛУИМУЦИЛ 100 мг/1 мл 3 мл №5 ампул

3100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилцистеин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Замбон С. П. А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат - ацетилцистеин 300 мг, қосымша зат – натрий гидроксиді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Бөлініп шығуы қиын, тұтқыр қақырықтың түзілуімен қатарлас жүретін тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған Флуимуцил препараты ересектер мен 2 жастан асқан балаларда қолданылады: жедел бронхит, созылмалы бронхит және қайта өршуінің эпизодтары, өкпе эмфиземасы, муковисцидоз және бронхоэктаз ауруында. Антидот ретінде Флуимуцил препараты ересектер мен балаларда парацетамолдың абайсыз немесе әдейі артық дозалануын емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
Муколитиктік дәрі ретінде: - ацетилцистеинге және препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - 2 жасқа дейінгі балалар Парацетамолмен артық дозалануда антидот ретінде: парацетамолмен артық дозалануды емдегенде ацетилцистеинді қолдануға қарсы көрсетілім жоқ.
Дозасы
Вена ішіне енгізу Парацетамолмен абайсыз немесе қасақана артық дозалануында қолдану Флуимуцил Сізге венаішілік инфузия арқылы баяу енгізіледі. Бұл препаратты Сізге ауруханада инфузия дайындайтын дәрігер немесе мейіргер енгізеді. Егер Сізде қандай да бір күмән пайда болса, дәрігермен немесе мейіргермен кеңесіңіз. Төменде берілген ақпарат тек медицина қызметкерлеріне арналған. Парацетамолдың артық дозалануын емдеу кезінде емдік сәттілік үшін артық дозалану мен емді бастау арасында өткен уақыт мөлшері өте маңызды. Емді парацетамолды қабылдағаннан кейін 8 сағат ішінде бастау керек. Егер ацетилцистеин парацетамолдың артық дозалануынан кейін 15 сағаттан соң енгізілсе, парацетамолды қабылдағаннан кейін 16-24 сағаттан кейін сәтті емдеу туралы әдеби деректерге қарамастан, ем әдетте тиімсіз болады. Препаратты вена ішіне инфузия арқылы енгізу керек. Жағымсыз әсерлердің болжамды қаупін ең аз ету үшін инфузияны баяу жүргізу керек. Дене салмағы 40 кг астам пациенттер: Бастапқы доза: 150 мг/кг дене салмағына қарай 60 минут ішінде 200 мл ерітіндіде. Екінші доза: 50 мг/кг - 500 мл ерітіндіде келесі 4 сағат ішінде. Үшінші доза: 100 мг/кг - 1000 мл ерітіндіде келесі 16 сағат ішінде. Дене салмағы 20-дан 40 кг дейінгі пациенттер: Бастапқы доза: 150 мг/кг дене салмағына қарай 60 минут ішінде 100 мл ерітіндіде. Екінші доза: 50 мг/кг 250 мл ерітіндіде келесі 4 сағат ішінде. Үшінші доза: 100 мг/кг 500 мл ерітіндіде келесі 16 сағат ішінде. Дене салмағы 20 кг аз пациенттер: Бастапқы доза: 150 мг/кг дене салмағына қарай 3 мл/кг ерітіндіде 60 минут ішінде. Екінші доза: 50 мг/кг - 7 мл/кг ерітіндіде келесі 4 сағат ішінде. Үшінші доза: 100 мг/кг 14 мл/кг ерітіндідегі дозада келесі 16 сағат ішінде. Флуимуцил препараты 5% глюкоза ерітіндісімен, 0,45% натрий хлориді ерітіндісімен және инъекцияға арналған сумен үйлесімді. Ингаляциялық. Ересектер мен балаларға: әр ингаляцияда бір ампуладан тәулігіне 1-2 рет 5-10 күн бойы. Қолдану жиілігі мен салыстырмалы дозасын дәрігер ересектер мен балаларға арналған дозаны саралау қажеттілігінсіз клиникалық көрінісі мен емдік әсеріне байланысты рұқсат етілген шекте өзгерте алады. Эндобронхиалды инстилляция. Ересектер мен балаларға: бір ампуладан тәулігіне 1-2 рет немесе қажеттілігіне қарай, таңдалған қабылдау әдісіне сәйкес (тұрақты катетер, бронхоскоп және басқалары). Инстилляциялар немесе эндоаурикулярлы жуып-шаю және басқа қуыстарды жуып-шаю Орташа доза емшарада 1/2-1 ампуланы құрайды. Енгізу әдісі және жолы Ампуланың ашылу реті: 1) Ампуланы қолға сыну нүктесі жоғары бағытталған күйінде ұстау керек (1-сурет). 2) Бас бармақты сыну нүктесіне немесе одан сәл жоғарыға қояды және ампуланың басын «сыртқа қарай» қимылмен 2-суретте көрсетілгендей сындырады. 1 сурет 2 сурет Емдеу ұзақтығы Парацетамолдың артық дозалануы кезіндегі емдеу ұзақтығын Сіздің жағдайыңызды ескере отырып, емдеуші дәрігер анықтайды. Тыныс алу органдарының ауруларын емдеу курсының ұзақтығын дәрігер жеке бағалайды. Әдетте емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін болады, созылмалы ауруларды емдеуде емдеу ұзақтығы ұзағырақ болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.