ФЛУЦИНАР N 15 г мазь

1560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуоцинолона ацетонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Фармзавод Jelfa А.О.
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм препараттың құрамында белсенді заттар: флуоцинолон ацетониді 0,25 мг, неомицин сульфаты 5,0 мг (650 ХБ/мг неомицин белсенділігімен) қосымша заттар: пропиленгликоль, сұйық парафин, сусыз ланолин, ақ вазелин 1.0 г дейін
Қолданылуы
- құрғақ экземамен қатар жүретін, бактериялық инфекциялармен асқынған терінің аллергиялық аурулары - себореялы дерматит - атопиялық дерматит - папулезді есекжем - аллергиялық жанаспалы экзема - полиморфты эритема - қызыл жегі - псориаздың асқынған түрі - қызыл жалпақ теміреткі
Қарсы көрсетілімдер
- флуоцинолон ацетонидіне, басқа стероидтарға, неомицин сульфатына немесе басқа аминогликозидтерге немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық кезінде. - вирустық (желшешек, герпес) және зеңдік тері инфекциялары - неомицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған бактериялық дерматоз - периоральді дерматит - тұрпайы және қызғылт безеулер - варикоздық қабыну немесе терінің ойық жарасы - препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық - тері туберкулезі, обыр алдындағы жай-күй және терінің жаңа түзілімдері - 2 жасқа дейінгі балалар - жаялықтық дерматит - терінің кең аумақты және ылғалданатын бөліктеріне, мысалы, күйіктерде қолдануға болмайды - жүктіліктің бірінші триместрі
Дозасы
Емнің әдеттегі ұзақтығы 1-2 аптаны құрайды. Бет терісіне 1 аптадан артық қолдануға болмайды. Аптасына бір сықпадан артық пайдаланбау керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 2 жастағы және одан асқан балаларға, тек аса қажет жағдайда – күніне 1 рет, терінің шағын бөлігіне ерекше сақтықпен қолдану керек. Баланың бет терісіне қолдануға болмайды Енгізу әдісі мен жолы Жақпамайды терінің зақымданған бөліктеріне тәулік бойы 1-2 рет жұқалап жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.