+725 бонус

ФЛИКСОНАЗЕ 50 мкг №120 доз спрей наз

14500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флутиказон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Глаксо Вэллком С.А.
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Спрейдің 1 дозасының құрамында белсенді зат - флутиказон пропионаты (микронизирленген) – 50 мкг, қосымша заттар: декстроза (сусыз), целлюлоза және микрокристалды карбоксиметилцеллюлоза, фенилэтил спирті, бензалконий хлоридінің ерітіндісі, полисорбат 80, сұйылтылған хлорлысутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
- аллергиялық риниттің алдын алу және емдеу үшін (маусымдық және жылбойы үзілмей жалғасатын түрін)
Қарсы көрсетілімдер
- флутиказон пропионатына немесе препараттың кез келген құрамдас бөлігіне асқын сезімталдық болғанда - 4 жасқа дейінгілерге. CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен бірге ритонавир және кетоконазол сықылды препараттарды бірге қабылдағанда сақтық таныту керек, өйткені олар флутиказон пропионатының қансарысуындағы қанығу деңгейін арттырады. Препаратты мынандай жағдайда сақтықпен қабылдау керек: - кортикостероидтардың басқадай дәрілік түрлерін, мысалға таблетка түрінде, крем, жақпа май түрінде немесе бронхдемікпесін емдейтін дәрілерді, сондай-ақ мұрынға, көзге арналған спрейлер мен тамшыларды бір мезгілде қабылдағанда. - қызба, ұшық, немесе мұрын қуыстары мен қосалқы қуыстардың жұқпалары орын алғанда. Мұрынның жұқпалы аурулары тиісті емді қолдануды керек ететіндіктен фликсоназе спрейін қабылдау қарсы көрсетілім болып табылмайды. - жақында орын алған мұрын жарақатында немесе мұрын қуысының шырышты қабатында ойық жарасы орын алғанда. Дәрілермен өзара әректтесуі Флутиказон пропионатының қансарысуындағы қанығу деңгейі төмен болатындықтан, оның клиникалық тұрғыдан мәні бар әрекеттесуінің болуы неғайбыл. Ритановир (Р450 цитохром ферменттік жүйесінің CYP3A4 коферментінің күшті тежегіші) флутиказон пропионатының қан сарысуындағы қанығу деңгейі көп деңгейде көтерілетіндіктен, қан сарысуының құрамындағы кортизолдың деңгейі төмендеп, соның салдарынан қан сарысуындағы жүйелік кортикостероидтардың ждағымсыз әсерлері орын алып, оған Кушинг синдромы және бүйрекүсті безі қызметінің төмендеуі де жатады. Р450 цитохром ферменттік жүйесінің CYP3A4 коферментінің күшті тежегіштері өте аз деңгейде (эритромицин) немесе онша мәнді емес (кетоконазол) көлемде флутиказон пропионатының қан сарысуындағы қанығу деңгейін өзгертпейдіктен, ол да қан сарысуындағы кортизолдың деңгейін онша жоғарлатпайды. Айырықша нұсқаулар Препарат тек мұрын ішіне қолдануға арналған. Егер тұрақты түрде 7 күн бойы емдегеннен кейін аурудың жағдайы жақсармаса, дәрігерге көріну керек. Дәрігердің бақылауынсыз фликсоназе спрейін 6 айдан астам уақыт бойы қабылдауға болмайды. Ұзақ уақыт бойы қолданғанда кезеңді мерзім ішінде бүйрекүсті безінің қызметіне бақылау жасап отыру керек. Фликсоназе мұрын спрейінің толық әсері бірнеше күн бойы емдегеннен кейін ғана белгілі болады. Егер бүйрекүсті безінің қызыметі бұзылуына күдік бар болғанда жүйелік түрдегі стероидтық емнен Фликсоназе спрейімен емге көшкенде сақтық танытқан жөн. Мұрынға арналған фликсоназе спрейі көптеген науқастарда мұрындағы маусымдық аллергиялық ринит белгілерін азайтады, дегенмен кейбір жағдайларда, әсіресе жазда аллергендердің ауадағы шоғырлануы өте көп мөлшерге жеткенде басқадай қосымша ем керек болуы мүмкін. Маусымдық маусымдық аллергиялық ринит белгілерін жақсы емдегенмен офтальмологиялық белгілерді емдеу үшін қосымша ем керек болуы мүмкін. Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану Егер дәрігер осы дәріні тағайындау керек деп таппаса, жүкті әйелдер мұрынға арналған фликсоназе спрейін қолданудан уақытша бас тарта тұруы керек. Автокөлік және қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне тигізетін әсері Препараттың жағымсыз әсерлерін еске ала отырып, автокөлік және назар жітілігін талап ететін жұмыстарды орындағанда сақтық таныту керек. Артық дозаланғанда Мәліметтер жоқ
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозасы Тек мұрын ішіне ғана қолдануға арналған. Ересекр мен жасы 12 үлкен балаларға: Аллергиялық риниттің алдын алу және емдеу үшін ұсынылатын дозаны тәулігіне мұрын қуысының әр қайсысына 2 рет шашырату арқылы 1 рет, дұрысы таңертең, тағайындайды (тәулігіне 200 мкг). Аурудың белгілері басылғаннан кейін мұрын қуысының әр жолына тәулігіне 1 рет шашырату керек (тәулігіне 100 мкг). Егер препараттың үлкен дозасын (мұрын қуысының әр жолына 2 шашыратудан 2 рет қолданып, тәулігіне 400 мкг-ден) қолдану керек болатын болса, онда емдеу курсы қысқа болып, артынан доза мөлшері төмендетілуге тиіс. Ең жоғарғы тәуліктік доза ( тәуліктік жалпы доза 400 мкг) әрбір мұрын қуысына 4 рет шашыратудан артпауы керек. Егде жастағы науқастар үшін: ересектерге арналған кәдімгі дозада. Жасы 12-ге дейінгі балаларға: маусымдық аллергиялық риниті бар жасы 4-12 жастағы балаларға мұрын қуысының әр қуысына күніне 1 рет (50 мкг) шашырату керек. Препаратттың тәуліктік ең жоғарғы дозасы (тәуліктік жалпы доза 200 мкг) әр мұрын қуысына 2 шашыратудан аспауы керек. Емдік әсерге қол жетізу үшін препараратты ұйдайы қолдану қажет. Препарат тез арада емдік әсер бермеуі мүмкін, ең жоғарғы емдік әсері 3-4 күндік емдеуден кейін пайда болады. Ингаляторды пайлалану. Қолданар алдында құтыны жайлап сілку керек, ол үшін сұқ және ортаңғы саусақ арқылы құтының ұшын қыса ұстап, бармақты құтының астына салу керек. Препаратты алғаш рет қолданғанда немесе қолдану аралығында 1 жетідей үзіліс болса, онда шашыратқыштың дұрыс жұмыс атқаруын тексеру керек: шашыратқыштың ұшын өзіңізден бұрып, шашыратқыштың ұшында түтін сықылды құрлым пайда болғанша, шашыратқыштың үстінен бірнеше рет басыңыз. Бұдан кейін мұрын қуысын (аздап сіңбіру арқылы) тазарту керек. Мұрынның бір жақ куысын жауып, екінші жағына шашыратқыштың үшын енгізу керек. Басты алға қарай еңкейтіп, құтыны тік ұстау керек. Одан соң мұрын арқылы дем алған кезде, препараттың шашыратқышын саусақпен басу керек. Демді ауыз арқылы шығару керек. Егер керек болатын болса, бұл үрдісті сол жерде қайталау керек. Бұдан кейін шашыратқышты мұрынның басқа жағына енгізу арқылы, осы ем-шараны қайталау керек. Қолданып болғаннан кейін ұштықты таза сүрткімен немесе бет орамалмен тазалап сүртіп, қақпақшаман жабу керек. Шашыратқышты кем дегенде жетісіне 1 рет жуып отыру керек. Ол үшін ұштықты абайлап алып, оны жылы сумен жуу керек, судың артық мөлшерінен құтылу үшін, оны сілкіп жіберіп, жылы жерге кептіру үшін қою керек. Қатты қыздыруға болмайды. Осыдан кейін ұштықты құтының үстіңгі жағындағы орнына жайлап орналастыру керек. Қорғағыш қалпақты кигізіңіз. Егер ұштықтың тесігі бітеліп қалса, ұштықты жоғарыда көрсетілген әдіспен босатып алып, оны біраз уақытқа жылы суға салу керек. Осыдан кейін ағынды суық сумен жуып, кептіріп, артынан құты үстіне қайта орнату керек. Тесікті түйреуішпен болмаса, басқа үшкір затпен тазалауға болмайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.