+75 бонус

ФЛАПРОКС 500 мг №10 таб

1500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ципрофлоксацин 500,00 мг (ципрофлоксацин гидрохлориді моногидраты түрінде 582,00 мг), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел рН101), жүгері крахмалы, кросповидон, натрий кроскармеллозасмы (Ац-ди-соль), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты. Қабығы Опадри ақ Y-1-7000: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 400.
Қолданылуы
Препарат ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған бірқатар инфекцияларды емдеуге арналған. Емдеуді бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі жөніндегі қолда бар ақпаратқа аса назар аударған жөн. Антибиотиктерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру керек. Ересектер: - грамтеріс бактериялардан туындаған тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары: өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының өршуі (ципрофлоксацин әдетте осы инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа антибиотиктер орынсыз деп есептелсе ғана қолданылуы керек); муковисцидоздағы бронх-өкпе аурулары немесе бронхоэктаздық аурулар; пневмония; - созылмалы іріңді ортаңғы құлақ отиті; - созылмалы синусит өршуі, әсіресе грамтеріс бактериялардан туындаған; несеп шығару жолдарының инфекциялары: асқынбаған жедел цистит (ципрофлоксацин әдетте осы инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа антибиотиктер орынсыз деп есептелсе ғана қолданылуы керек); жедел пиелонефрит; несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары; бактериялық простатит; жыныс мүшелерінің инфекциялары: сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған гонококкты уретрит және цервицит; эпидидимоорхит, сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған жағдайларды қоса; кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары, сезімтал микроорганизмдерден Neisseria gonorrhoeae туындаған жағдайларды қоса; - асқазан-ішек жолдарының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы); - интраабдоминальді инфекциялар; - грамтеріс бактерияларынан туындаған тері және жұмсақ тіндер инфекциялары; - қатерлі сыртқы отит; - сүйектер мен буындардың инфекциялары; - Neisseria meningitidis микроорганизмдерден туындаған инвазивті инфекциялардың профилактикасы; - сібір ойық жарасының ингаляциялық түрі (аурумен жанасудан кейінгі емі және профилактикасы). Ципрофлоксацин бактериялық инфекциядан туындауы мүмкін нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерде емдеуде қолданылуы мүмкін. 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер: - Pseudomonas aeruginosa микроорганизмдерден туындаған муковисцидозы бар балалардағы бронх-өкпе ауруларында; - несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында және пиелонефритте; - сібір ойық жарасының ингаляциялық түрінде (жанасудан кейінгі аурудың профилактикасы және емінде). Қажет болған жағдайда ципрофлоксацин сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердегі ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Емді тек балалар мен жасөспірімдердегі кистозды фиброзды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар маман тағайындауы мүмкін. Жүйелік фторхинолондар, оның ішінде пероральді, инъекциялық және ингаляциялық түрлерін қоса, ұзақ мерзімді (айлар немесе жылдарға созылатын), мүгедектікке әкелетін, потенциалды қайтымсыз жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, кейде адам организмінің көптеген жүйелеріне және сезім мүшелеріне әсер етеді. Жүйелік қолдануға арналған фторхинолондар әдетте инфекция кезінде ұсынылатын басқа антибиотиктер жарамсыз болған жағдайда ғана қолданылуы керек. Басқа антибиотиктер орынсыз деп саналатын және фторхинолондар көрсетілуі мүмкін жағдайлар: • осы инфекцияда ұсынылған бірінші қатардағы басқа антибиотиктерге төзімділік болғанда; • бірінші қатардағы басқа антибиотиктер осы пациентке қарсы көрсетілімде; • бірінші қатардағы басқа антибиотиктер пациентте емдеуді тоқтатуды қажет ететін жағымсыз реакцияларды туындатты; • бірінші қатардағы басқа антибиотиктермен емдеу сәтсіз болды.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, басқа хинолондарға немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; ципрофлоксацин және тизанидинді бір мезгілде қабылдау.
Дозасы
Ципрофлоксацин дозасы инфекцияның түріне, орналасқан жеріне және аурудың ауырлығының дәрежесіне, қоздырғыштардың ципрофлоксацинге сезімталдығына, пациенттің бүйрек функциясына, ал сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерде дене салмағына сәйкес белгіленеді. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесіне, клиникалық және бактериологиялық зерттеулердің нәтижелеріне байланысты. Белгілі бір (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter  немесе  Staphylococci) микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеу үшін ципрофлоксациннің жоғарырақ дозаларын қолдану, сондай-ақ бактерияға қарсы басқа қажетті дәрілерді бір мезгілде тағайындауды талап етуі мүмкін. Кейбір инфекцияларды (мысалы, кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларын, интраабдоминальді инфекцияларды, нейтропениясы бар пациенттердегі инфекцияларды және сүйек пен буын инфекцияларын) емдеуде қоздырғышқа байланысты тиісінше ем басқа бактерияларға қарсы дәрілермен тағайындалуы мүмкін. Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.