+80 бонус

ФИРУЛИН 10 000 ЕД 150 мг №20 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
1610 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мультиферменты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың ішінде белсенді зат – панкреатин 150.0 мг, ферменттік белсенділігі өте аз: протеаза - 600 Б Еур. Ф., амилаза - 8000 Б Еур. Ф., липаза - 10000 Б Еур. Ф., қосымша заттар пеллет ядросы: макрогол 8000, гипромеллоза, изопропил спирті, дихлорметан ішекте еритін пеллет қабығы: гипромеллоза фталаты, триэтилцитрат, диметикон, ацетон капсула қабығы: өлшемі «1» капсулалар (желатин, тазартылған су, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171) және натрий лаурилсульфаты)
Қолданылуы
- ас қорытудың бұзылуымен байланысты ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер (егде жастағы адамдарды қоса) және балалар: Әрбір тамақтану кезінде немесе содан кейін дереу бір немесе екі капсуланы қабылдайды. Қажет болса дозаны реакция мен симптоматиканы мұқият бақылай отырып бірте-бірте арттыру керек. Енгізу әдісі және жолы Препараттың дозаларын аурудың ауырлығына және диета құрамына байланысты әркімге жеке таңдайды. ФИРУЛИН® 10000 капсулаларын тамақтану кезінде немесе содан кейін дереу қабылдайды. ФИРУЛИН® 10000 препаратын1 капсуладан артық қабылдау қажет болған жағдайда 1 капсуланы тамақтың алдында, қалғандарын – тамақ ішу кезінде қабылдайды. Капсулаларды бөлмей және шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу арқылы тұтастай жұту керек. Жұту қиын болған кезде (мысалы, балаларда немесе қарттық жастағы науқастарда) капсуланы абайлап ашады, ал гастрорезистентті түйіршіктерді шайнауды қажет етпейтін жұмсақ тағамға қосады, немесе сусынмен бірге қабылдайды. Бұл ретте гастрорезистентті түйіршіктермен араластырылатын тағам немесе сусын ферменттердің (pH <5.5) мезгілінен бұрын босап шығуына және бұзылуына жол бермеу үшін қышқыл дәмді болуы тиіс. Бұл алма езбесі, йогурт немесе жеміс шырыны, мысалы, ананас, алма немесе апельсин шырыны болуы мүмкін. Түйіршіктерді сумен, сүтпен немесе ыстық тамақпен араластыруға болмайды. Гастрорезистентті түйіршіктердіңтағаммен немесе сұйықтықпен кез келген қоспасы сақтауға жарамайды және оны дайындағаннан кейін дереу қабылдау керек. Түйіршіктерді шайнау немесе зақымдау ішекте еритін қабықты бұзуы мүмкін, соның нәтижесінде энзимдердің мерзімінен бұрын босап шығуы ауыз қуысы шырышының тітіркенуін туғызуы және/немесе препараттың емдік әсерін төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ капсуланың ішіндегісі тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысында қалып қоймауын қадағалау қажет. Әсіресе сұйықтықты жоғалту күшейген кезде оны ұдайы жеткілікті мөлшерде қабылдау маңызды. Сұйықтықты жеткіліксіз қабылдау іш қатудың себебі болуы мүмкін. Егер пациент ФИРУЛИН® 10000 уақытында қабылдауды ұмытып кетсе, өткізіп алған дозаны тамақтанудан кейін бірден қабылдауға болады. Едәуір кешіктіріп қабылдау орынсыз болады. Келесі тамақтану кезінде препараттың әдеттегі дозасын қабылдау қажет. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамаңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.