+60 бонус

ФИЛАРМЕКС 5 мл кап гл

1200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Белинда Лабораториз ЛЛП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында белсенді заттар: неомицин сульфаты 17500 ХБ, полимиксин В сульфаты 30000 ХБ, дексаметазон 5.00 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді (0,20 мг), тилоксапол, гипромеллоза, натрий хлориді (44,00 мг), натрий гидроксиді 4% ерітіндісі (жеткілікті мөлшерде), хлорсутек қышқылы 3.6%, инъекцияға арналған су, азот** (оттегі мөлшері аз). ** Инертті орта ретінде өндірген кезде қолданылады.
Қолданылуы
- зеңдік және вирустық инфекцияны жоққа шығарғаннан кейін, кортикостероидтарды қолдану көрсетілген және антибактериялық емді профилактикалық тағайындауды қажет ететін көздің қабыну ауруларын қысқа мерзімді емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - қарапайым герпес қоздырғышынан туындаған кератит - сиыр шешегі, желшешек және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа да вирустық инфекциялары - көз құрылымдарының зеңдік аурулары немесе емделмеген көздің паразиттік инфекциялары - көздің микобактериялық инфекциялары - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
8 жастан асқан балалар және ересектер (соның ішінде егде жастағылар) Препараттың 1-2 тамшысын күніне алты ретке дейін зақымдалған көздің (көздердің) конъюнктивалық қалтасына тамызу керек, қажет болса, жиірек тамызуға болады. Енгізу әдісі мен жолы Филармекс препараты тек көзге қолдануға арналған. Филармекс препараты инъекцияға және ішке қабылдауға арналмаған. Қолданар алдында құтыны сілку керек! Егер алғашқы ашылуын бақылауға арналған бекіту сақинасы қалпақшаны алып тастағаннан кейін босап қалса, оны препаратты қолданар алдында алып тастау керек. Тамшылатқыштың ұшы мен тамшы суспензиясы ластануын болдырмас үшін, тамшылатқыштың ұшы қабаққа, көздің айналасына немесе басқа беткейлерге тиіп кетпеуі үшін абай болу керек. Көзге енгізілетін дәрілік заттардың жүйелі сіңірілуін төмендету және жүйелі жағымсыз реакцияларды азайту үшін көзге суспензияны тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы арнасын саусақпен басу немесе көзді абайлап жабу ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.