+50 бонус

ФЕСТАЛ Н №20 таб

1000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Полиферментные препараты в т.ч. липаза, протеаза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Санофи Индия Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - панкреатин - 212.5 мг, кем дегенде: липаза 6000 ФХФ б., амилаза 4500 ФХФ б., протеаза 300 ФХФ б. қосымша заттар: натрий хлориді, коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, тазартылған су. Қабықтың төменгі қабатының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 8000, тальк, титанның қостотығы (Е 171) Ішекте еритін қабықтың құрамы: метакрил қышқылының сополимері (дисперсия түрінде қолданылады), натрий гидроксиді, полиэтиленгликоль 8000, тальк, титанның қостотығы (Е 171) Қантты қабықтың құрамы: сахароза, метилпарабен, пропилпарабен, желатин, глюкоза шәрбаты, тальк, кальций карбонаты, акация ұнтағы, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, тазартылған су.
Қолданылуы
Фестал® Н ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған: ас қорытудың бұзылуымен байланысты ұйқы безінің бұзылған экзокринді қызметі муковисцидозда ұйқы безі функциясының жеткіліксіз жұмысын демеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер: 1-2 таблеткадан тәулігіне 3 рет. Өте жоғары дозаларды дәрігер тағайындайды. 6 жастан асқан балалар: дәрігердің тағайындауымен. Орташа тәуліктік доза 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты ішке, шайнамай, тамақтану кезінде немесе тамақтанғаннан кейін бірден аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Шайнау ішекте еритін қорғағыш қабықты зақымдауы мүмкін, соның нәтижесінде ферменттердің мезгілінен бұрын босап шығуы ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендіруі және/немесе препараттың емдік әсерін төмендетуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен (диета сақталмау салдарынан ас қорыту үдерісі бұзылғанда) бірнеше айға немесе жылға (ұдайы алмастырып отыратын ем қажет болғанда) дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық зерттеу алдында 2-3 күн бұрын 2 таблеткадан тәулігіне  2-3 рет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.