+129 бонус

ФЕРВЕКС Лимон с сахаром №8 пакет

2590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: УПСА САС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір пакет (13,1 г) құрамында белсенді заттар: парацетамол 0,500 г, аскорбин қышқылы 0,200 г, фенирамин малеаты 0,025 г, қосымша заттар: сахароза, сусыз лимон қышқылы, акация, Е954 натрий сахарині, Antilles хош иістендіргіші*. *Antilles хош иістендіргіші: мальтодекстрин, α-пинен, β-пинен, лимонен, γ-терпинен, линалол, нерол, α-терпинеол, гераниол, акация.
Қолданылуы
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларда (дене салмағы 50 кг-нан асатын) суық тию, ринит, ринофарингит және тұмау (мұрынның ағуы және көз жасы ағу, түшкіру, бас ауруы және / немесе қызба) белгілерін емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық; - гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік; - жабық бұрышты глаукома қатері; - қуық асты безі функциясы бұзылуына байланысты несеп іркілу қаупі; - фруктоза жақпаушылығымен, глюкоза, галактозы мальабсорбциясы синдромымен немесе құрамында сахароза болуына байланысты сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігімен зардап шегетін адамдарға - 15 жастан кіші балалар; - жүктілік, лактация кезеңі.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға (дене салмағы 50 кг-нан астам) тәулігіне 2-3 рет 1 пакеттен. Препаратты қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі жағдайында осы дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге көрініңіз. Ең жоғары тәуліктік доза 3 пакетті (1500 мг парацетамол, 75 мг фенирамин малеаты, 600 мг аскорбин қышқылы) құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында және егер медициналық көрсеткіштер бойынша өзгеше тағайындалмаса, келесі кестеге сәйкес дозаны төмендету және екі доза арасындағы аралықты ұлғайту ұсынылады: Креатинин клиренсі Қабылдаулар арасындағы ең аз аралық ≥50 мл/мин 4 сағат 10-50 мл/мин 6 сағат <10 мл/мин 8 сағат Жалпы доза тәулігіне 3000 мг аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Егер пакет ашылған немесе жыртылған болса, қолдануға болмайды. Ішке қабылдау. Пакеттің ішіндегісін жеткілікті мөлшерде ыстық немесе суық суда ерітіңіз. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тәулігіне 2-3 рет 1 пакеттен кемінде 4 сағат аралықпен. Тұмауға ұқсас күйлерде ыстық суда еріткен дұрыс және кешкісін қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емнің ең жоғарғы ұзақтығы 5 күнді құрайды. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдар: әдетте бірінші тәуліктерде пайда болатын жүрек айнуы, құсу, анорексия, бозару, қыжыл, диарея, іштің аймағындағы ауыруы. Селкілдек ұстамалар (әсіресе балаларда), естен тану, кома. Емі: улану белгілері пайда болғанда дереу емдеуді тоқтатып, дәрігерге көрініңіз. Ауруханаға жатқызу ұсынылады. Парацетамолдың артық дозалануын емдеу әдетте N-ацетилцистеин антидотын вена ішіне немесе мүмкіндігінше тезірек, қабылдағаннан кейін оныншы сағатқа дейін пероральді енгізуді; симптоматикалық емдеуді қамтиды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.