+222 бонус

ФЕРСИНОЛ 2 мл №5 амп

4450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты железа парентеральные
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір ампуланың ішінде белсенді зат – 333,33 мг темір (III) гидроксиді  полимальтозды кешені (100 мг темірге шаққанда), қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ферсинол препараты келесі жағдайларда темір тапшылығы анемиясын емдеу үшін қолданылады: құрамында темір бар препараттарды пероральді қабылдау үшін қарсы көрсетілімдер бар болғанда ішекте темірдің сіңуі бұзылған жағдайда емдеу режимін сақтау мүмкін болмағанда немесе тағамға тұрақты жақпаушылық кезінде
Қарсы көрсетілімдер
Инъекцияға арналған ерітінді, Ферсинол препаратын төмендегі аурулардың кез келгеніне шалдыққан пациенттерге қолдануға болмайды: әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; темір тапшылығымен байланысты емес анемиялар (эритропоэз, сүйек кемігінің гипоплазиясы бұзылған кезде В12 дәруменінің тапшылығынан туындаған гемолиздік, мегалобласттық); темірдің артық болуы (мысалы, гемохроматоз, гемосидероз); Ослер-Рандю-Вебер синдромы; созылмалы полиартрит; бронх демікпесі; жедел фазадағы бүйректің инфекциялық аурулары; бақыланбайтын гиперпаратиреоз; декомпенсацияланған бауыр циррозы; инфекциялық гепатит; жүктіліктің бірінші триместрі. Элементарлы темір қабыну ошағында жинақталуға қабілетті; препаратты бүйрек пен бауыр инфекцияларын қоса, ауыр қабыну аурулары бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Дозасы
Енгізу техникасы Инъекция техникасының маңызы өте зор. Инъекцияға арналған ерітінді, Ферсинол препаратын иыққа немесе тері жабындысы зақымдалған учаскелерге енгізуге тыйым салынады. Препаратты дұрыс енгізбеу нәтижесінде инъекция орнында ауырсыну және терінің боялуы туындауы мүмкін. Төменде сипатталған вентро-бөкселік инъекция әдістемесі жалпы қабылданған - үлкен бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы квадранты техникасы орнына ұсынылады: а. Иненің ұзындығы кемінде 5-6 см болуы керек. Иненің саңылауы тым кең болмауы керек. b. Инъекция орнын келесідей анықтайды (1-сурет): алдымен бел-мықын буындасуына сәйкес келетін А нүктесін анықтайды. Егер пациент оң бүйірінде жатса, сол қолдың ортаңғы саусағы А нүктесінде орналасады. Сұқ саусақты ортаңғы саусақтан шегіндіріп, оны мықын сүйегінің қырының қасына, В нүктесіне қояды. Ортаңғы және сұқ саусақтардың проксимальді бунақтары арасында орналасқан үшбұрыш енгізу орны болып табылады. Залалсыздандыруды әдеттегідей тәсілмен жүргізеді (2-сурет). c. Инені енгізбес бұрын, енгізу орнындағы теріні иілген түрдегі өзекше алу үшін шамамен 2 см-ге төмен қарай тартады (3-сурет), бұл енгізілген ерітіндінің тері асты тіндеріне ағып кетуіне және терінің боялуына жол бермеуге мүмкіндік береді. d. Инені тері беткейіне тігінен ұршықбуын нүктесіне қарағанда мықын буындасуының нүктесіне үлкен бұрышпен орналастырады (4-сурет). e. Препаратты енгізгеннен кейін инені инъекция орнына жақын жерді саусақпен бір минут бойы баса отырып, баяу шығарады. f. Пациент инъекциядан кейін қозғалуы керек. 1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.