+94 бонус

ФЕРРОВИТ-С 100 мл сироп

1880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты железа в комбинации с поливитаминами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл шәрбаттың құрамында белсенді заттар: 3.40 г темір сульфаты гептагидраты ((0.685 г) темірге (II) шаққанда) қосымша заттар: аскорбин қышқылы,сорбитол Е420, натрий сахарині, тағамдық хош иістендіргіш, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су
Қолданылуы
Төмендегілермен байланысты болуы мүмкін темір тапшылығы анемиясын емдеуде және оның профилактикасында: толыққанды емес диетамен (тағамдағы жеміс, көкөніс, ет жеткіліксіздігінде); организмнің темірді көп қажет етуінде (жүктілікте, бала емізуде, балалар мен жасөспірімдердегі қарқынды өсу кезеңінде).
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гемосидероз, гемохроматоз гемолиздік және аплазиялық анемия (темір утилизациясының бұзылуы) асқазан резекциясынан, қан кетуден кейінгі жағдай бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары лейкоздар қан құю бірнеше рет алған пациенттер темір препараттарын парентеральді енгізу сидероахрестикалық анемия, қорғасынмен улану кезіндегі анемия кешеуілдеген тері порфириясы тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер 2 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі Препарат дозасы және емнің ұзақтығы темір тапшылығының айқындығына байланысты. Егер емдеуші дәрігер өзге дозаларды тағайындамаса, онда төменде келтірілген нұсқауларды қатаң ұстану керек Ересектер мен 6 жастан бастап балаларға: тәулігіне 2-3 рет 5 мл-ден. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Ферровит®-С шәрбаты – 2 жастан асқан балалар үшін ең ыңғайлы түрі. Тәуліктік доза: 12 кг дене салмағына 5 мл. 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 1-2 рет 5 мл-ден. Енгізу әдісі және жолы Ішуге тікелей тамақтанар алдында немесе тамақтану кезінде азғантай сұйықтық мөлшерімен (жеміс шайы немесе су) қабылдайды. Темір сіңірілуінің төмендеуін болдырмау үшін, қара шаймен, кофемен, сүтпен ішуге болмайды. Емдеу ұзақтығы Гемоглобиннің қалыпты көрсеткіштеріне қол жеткізгеннен кейін, Ферровит®-С препаратымен емдеуді тағы кемінде 8-12 апта бойы жалғастырады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.